Мәжбүрлі оқшаулану отбасындағы психологиялық үйлесімділікті түскен үлкен сынақ болды. Көптеген адамдардың жүйкесі сыр беруде, карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомдылық артып кетті. Бұл туралы дағдарыстық орталық мамандары айтуда.
Алматыдағы ARASHA дағдарыстық орталығы — Қазақстандағы осы тектес көптеген орталықтың бірі. Бұл үйде отбасылық зорлық-зомбылықтан жапа шеккен әйелдер өздерінің балаларымен бірге тұрады. Осы тектес мекемелер пана болып қана отырған жоқ. Мұнда әйелдерге психологтармен, полиция қызметкерлері, заңгерлер және әлеуметтанушылармен жұмыс істеп, кеңес алып өздеріне деген сенімін күшейтеді. Бұған дейін зорлықтың құрбаны болса, ендігі жерде өзінің құқығын біледі, өзін-өзі қорғай алады.
Зорлық-зомбылық құрбандары тәуліктің кез келген уақытында дағдарыс орталығының телефонына қоңырау шалады, Маргарита оларға жедел көмек көрсетеді. Егер басқа қалалардан қоңырау шалса, ол жергілікті белсенділермен және орталықтармен байланысады.
— Бүгін маған 69 жастағы Л. В. қоңырау шалды. Оның 42 жастағы қызы бар, ол 5 жыл бұрын ажырасқан, бірақ бұрынғы күйеуі А. оны әлі де ұрып-соғады, есірткіге тәуелді және тек өткен жылы ғана жеті рет наркодиспансерге түскен.
Қазір Н. Алматыда Айнабулақта 3-те енесімен бірге тұрады. 13 сәуірде әйел үйге полиция шақырған, өйткені тек келіні ғана емес, өзі де ұлының тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Бұрын А. Іле ауданының Қоянқұс ауылында болған (А.-мен ажырасқаннан кейін Н.-ға ата-анасы көмектесіп, салып берген үйінде), содан кейін қандай да бір керемет жолмен
карантин режиміндегі Алматыға кіріп, бұрынғы әйелін соққыға жыққан. Полиция оны үш сағатқа ұстады, кейін ол қайтып келді
Н.-ның анасы күйеу баласы полиция учаскесінде отырғаны үшін ашуланып, қызын тағы да мазалай ма деп алаңдайды. Бұған дейін ол қолына балта мен пышақ қорқытқан. Айта кету керек, бұрынғы ерлі-зайыптылардың 9 және 14 жастағы екі ұлы бар. Әкесі бірнеше рет улкен ұлын қорқытып, бірнеше рет қол көтерген.
Біз Л. В.-мен сөйлесіп, бір-біріміздің телефон нөмерлерімізді алдық. Енді Н.-ның маған қоңырай шалғанын күтіп отырмын, ары қарай көмек көрсетемін. Мен Н.-ның жолдасы баруы мүмкін деген жердің барлығын жазып алдым.
Теміртау қаласындағы «Мой дом» Халыққа әлеуметтік көмек көрсету және дамыту орталығы» ҚБ-ның төрайымы Ирина Жданова «Жастар арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасының аймақтық менеджері.
— Көптеген отбасылар мен жастар қиын кезеңдерді бастан кешуде, олардың психикасы ауыр сынға ұшырады.
Ұзақ уақыт бойы жинақталған эмоциялық жүк адамның жан-дүниесінің шиеленісіп, уайымшылдыққа, күйзеліске және отбасынан бөлектенуіне алып келеді
Кейбіреулері өздерін жалғыз сезініп, іштей өздерін жеп тынады.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ қолдауы бойынша «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ «Өмір сүргім келеді!» атты жаңа ауқымды ақпараттық-түсіндіру кампаниясын бастады.
Бір жыл бойы жобаны жүзеге асыру барысында «Қазақстанның тең құқық және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ еліміздің 14 аймағы мен үш мегаполисі Алматы, Нұр-Сұлтан мен Шымкентте әлеуметтік зерттеулер, вебинарлар, дөңгелек үстелдер мен басқа да шаралар өткізеді.
Ирина Жданованың айтуынша, Қарағанды облысы қауіпті аймақтардың бірі, мұнда жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсау фактілері көбірек тіркеледі.
— 2004 жылдан бастап біздің ұйым өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылармен, балалар үйінің түлектерімен және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған әйелдермен жұмыс істейді.
Біздің дағдарыс орталығымыз алты жыл бойы жұмыс істейді, мұнда түрлі зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер келеді. Сондай-ақ, біз есірткі мен алкогольге тәуелді адамдармен де жұмыс істейміз. Қызметкерлеріміз бізге келген әйелдердің қолдарынан сұмдық тыртықтарды көп көреді, ол өмірімен қош айтысу үшін жасалған әрекеттердің ізі.
Бұның себептері әртүрлі — тәуелділік, жасөспірім жастағы сексуалды қысымдардың салдары және т. б. Кейбір
жас әйелдер жақын туыстары зорлағаннан кейін өздеріне қол жұмсамақ болған
—Ақпараттық-түсіндіру науқаны барысында біз колледж, жоғары оқу орындарының студенттерін, мектеп және балалар үйінің оқушыларын қамтуды жоспарлап отырмыз. Ең үздік мамандар құрамын таңдап алдық.
Бізбен бірге ЖИТС орталығының дәрігер-вирусологы, психолог-суицидолог Елена Тимершаихова жұмыс істейді. Біз жастар ісі жөніндегі Комитетпен ынтымақтасып, облыстық білім басқармасына хат жаздық. БАҚ арқылы және әлеуметтік желілерді пайдаланып, ақпарат таратамыз. Науқан ауқымды болуы керек. Бұл туралы бәрі білуі керек