Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қытай сауда-саттықты қалпына келтіруде, бірақ шешімін таппаған мәселе көп

168
Сурет: akfa.ru

Алайда, әзірге шенеуніктер болжам жасауға асықпауда, себебі Еуропа мен АҚШ-тың экспорттық нарықтарында карантин режимі сақталып тұр, деп жазады Financial Times. Наурыз айында Қытай экспорты 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5% – ға қысқарды. Бұл коронавирус пандемиясы салдарынан қаңтар мен ақпан айларында күрт құлағаннан кейін елдің сауда секторының біртіндеп  қалпына келе бастағанын көрсетіп отыр.

Сұраныс жоқ, ұсыныс бар

Қытайлық кеден әкімшілігінің 14 сәуірде жариялаған мәліметтеріне сәйкес, бірінші тоқсанда экспорт қаңтар-ақпан айларында 15,9%-бен салыстырғанда юань жылдық есепте 6,4%-ға қысқарды. Сондай-ақ, ел қаңтар-ақпанда болған $7,1 млрд тапшылықпен салыстырғанда бір айда $18,5 млрд көлеміндегі сауда балансының оң сальдосын тіркеді.

— Бүкіл әлем бойынша COVID-19 таралуымен әлемдік экономика уақыт өткен сайын өсіп келе жатқан қысымға тап болады, — дейді кеден өкілі Ли Куйвен. — Болашақта не болатыны әлі де белгісіз және Қытайдың сыртқы саудасы үлкен қиындықтарға тап болды.

Ақпан айында, аспан асты еліндегі індет өзінің шыңына жеткенде, фабрикалар жұмысты қайта бастап, жұмысшылар штатын қабылдау үшін күресті. Бүкіл ел бойынша жүріп-тұруға салынған  тыйым  ақпан айының соңында — наурыз айының басында біртіндеп алынып тасталды.

Гуандун провинциясының шенеунігі (атын айтпауды өтінді) көптеген экспорттаушылаға «қазіргі уақытта мүлдем тапсырыс түсіп жатқан жоқ» дейді.

Capital Economics зерттеу консалтингтік компаниясының аға экономисті, Джулиан Эванс-Притчард сейсенбі күні:

«Қытайдың экспорттық секторының болашағы қиын болып тұр. Олардың өздерінің жұмысындағы кідірістер азайғанына қарамастан, осы тоқсанда шетелдік тауарларға сұраныс төмендейді, себебі COVID-19 Қытайдан тыс аймақтардағы экономикалық белсенділікке әсер етіп отыр»  деп жазды.

Нарықтардың жауабы

Инвесторлар жалпы осы жаңалықты құптады: Азия-Тынық мұхиты аймағындағы акциялар өсуде. Шанхайда және Шэньчжэнде тіркелген акциялар бойынша CSI 300 Қытай индексі 0,9% — ға өсті; жапондық Topix индексі 1% – ға өсті; Оңтүстік Корея Kospi-1,5% – ға өсті. Австралиялық S&P/ASX200 индексі 0,8% — ға, Гонконг индексі Hang Seng-0,7% – ға өсті.

Жұма күні Ұлттық статистика бюросы бірінші тоқсанда өндіріс көлемінің бағасын жариялайды. Ол соңғы 40 жылда бірінші рет төмен көрсеткішті көрсетеді деп күтілуде.

Кейбір сарапшылар бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнімнің 16%-ға төмендейді деп болжап отыр. Бұл

Қытай коммунистік партиясының 2010 жылғымен салыстырғанда жыл соңында экономиканы екі есе арттырамыз деген мақсатын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді

Үкімет Қытай парламентінің жыл сайынғы сессиясында әдетте наурыз айының басында жарияланатын бір жылға арналған экономикалық өсімнің ресми мақсатты көрсеткішін жария еткен жоқ. Ұлттық халық конгресінің отырысы коронавирустың пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды. Жаңа күн әлі күнге дейін аталмаған.

Қытайдың ресми тұлғалары экономикалық өсімді тезірек қалпына келтіруге ұмтылу туралы айтқанымен, олар адамдардың жұмысқа оралса, коронавирустың екінші толқыны келеді деп қорқады. Сейсенбі күні Үкімет 89 жаңа расталған оқиға туралы хабарлады. Олардың барлығын дерлік Ресейден Хэйлунцзян солтүстік-шығыс провинциясына қайтып келген Қытай азаматтары “импорттаған”.

Қытайдың  АҚШ-қа экспорты бірінші тоқсанында  25%-ға төмендеген, жылдық көрсеткіш бойынша қарастырғанда  $67,6 млрд жоғалтты.  Бұған қаңтар айының ортасында қол қойылған «Бірінші фаза» сауда мәмілесін жүзеге асыру ықпал етті.

Қытайлық медициналық  заттардың импорты да бірінші тоқсанда 15%-ға (жылдық есеппен 61,9 млрд юанға дейін)  өсті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз