Коронавирус соққысының күшін іскерлік белсенділік индексі бойынша нақты сандармен көруге болады. Наурыз айында оның деңгейі көп жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеді. Бизнес экономиканың барлық секторындағы жағдайдың нашарлағаны туралы айтуда.
Осы көрсеткіштердің өзгеруі индексті есептеу кезінде ескеріледі. Сауалнаманың нәтижелерінде ағымдағы жағдайды дәлірек көрсету үшін республиканың әр түрлі өңірлеріндегі (наурызда – 444, оның 264-і – шағын және орта бизнес өкілдері) кәсіпорын өкілдері қатысады.
Іскерлік белсенділік индексін есептеу әдістемесінің орташа мәні 50-ге тең. Тиісінше, егер ағымдағы мән бұдан көп болса, республика экономикасында оң өзгерістер байқалады. Егер аз болса – теріс өзгерістер күтіледі. Ауытқулар 50-ден жоғары болған сайын, жағдай соғұрлым үлкен қарқынмен өзгереді.
2020 жылдың ақпанында Қазақстандағы іскерлік белсенділік индексі 49,1 құрады. Бұл 2017 жылдың сәуірінен бері ең нашар көрсеткіш болды. Бірақ ол бергі жағы ғана еді. Наурыздағы көрсеткіш – 41,5. Ұлттық банктің есебінде жарияланған грифте қаншалықты құлдырағанын көруге болады.
Нақты экономиканың барлық секторындағы көрсеткіштер де қатты төмендеді. Ең бастысы қызмет көрсету саласы жапа шекті. Осы айдың қорытындысы бойынша іскерлік белсенділік индексі 38,7 тармақты құрады. Бұл индекстің барлық компоненттерінің төмендеуінен болды: жаңа тапсырыстар азайып, жеткізу мерзімі артты, қызметкерлер саны қысқарды. Қызмет көрсету саласының көрсеткіші қатарынан үшінші ай бойы 50-ден төмен тұр. Бұл саладағы проблеманың жаппай карантин енгізіліп, теңгенің әлсіреуіне дейін басталғанын көрсетеді.
Өнеркәсіпте де барлық компоненттер бойынша жағдайдың нашарлғаны байқалады, алайда бұл сектор әзірге тұрақтылығын сақтауда: наурызда іскерлік белсенділік индексі 46,5 құрады. Құрылыс саласында жаңа тапсырыстардың қысқаруы мен жұмыспен қамтудың азаюы және жеткізу мерзімдерінің ұлғаюына байланысты жағдай нашарлап кетті, өткен айда индекс көрсеткіші 43,5 болды.
Наурыз айында әлемнің көптеген елінде іскерлік белсенділіктің төмендегені байқалды. Алайда, Қазақстанда бұл үрдіс өте қатты ушығып кетті
Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, G20 елдерінің бірінде ғана, Италияда көрсеткіш (40,3) төмен болды. Бұл елдің экономикасы бірнеше апта бойы тежеліп тұр. Еуроаймақ елдерінің көпшілігінде, Солтүстік Америкада және Азияның дамыған елдерінде көрсеткіштер Қазақстанға қарағанда жақсы. Қытайда, мысалы, индекс 50,1 құрады, яғни жағдай жақсара бастады.
Экономикадағы жалпы жағдайды бағалауға мүмкіндік беретін тағы бір көрсеткіш-бизнес – климат индексі. Ол ағымдағы айдағы бизнес-шарттардың өзгеруі және болашақта күтілетін өзгерістер туралы сұрақтарға оң және теріс жауаптардың арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Кәсіпорындар қаржыға/несиелерге қол жеткізу, инфрақұрылым, құқықтық мәселелер және бизнесті қорғау, салық жүктеме, тексерулер, айыппұлдар және т.б. сияқты параметрлерді бағалайды. Орташа мән нөлге тең, егер ол оң болса, бұл жағдайдың жақсарғанын көрсетеді. Көрсеткіш артқын сайын, динамика да күштірек болады.
Бірақ қазір ешқандай жақсару болмай отыр
Егер 2016 жылдың басынан бастап индекс нөлден жоғары болса (негізінен 5-10 пункт дәлізінде), ал 2020 жылдың наурызында – минус 24,5. Қызмет көрсету саласында мәні минус 27,4, құрылыста – минус 22, өнеркәсіпте – минус 19,3 болды.
Жалпы, наурызда ағымдағы бизнес-шарттарды бағалау – минус 28,7. Сәуірдегі бағалау – минус 20,3, яғни бизнес оңалады деп күтілуде.