Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Тоқаев ТЖ және карантин режимін ұзартуды тапсырды

1366
Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

Президенттің айтуынша, коронавирустың таралу қаупі сейілмегендіктен еліміздегі үш  ірі қаладағы ТЖ және карантин режимін ұзартуға тура келеді.

— 15 сәуір күні менің төтенше жағдайды енгізу туралы жарлығымның мерзімі аяқталады. Қазірдің өзінде төтенше жағдай режимін ең аз дегенде сәуірдің соңына дейін ұзарту қажет екені түсінікті болды.  Біз әлі коронавирус ауруының шарықтау шегінен өткен жоқпыз. Эпидемияға қатысты жағдайды жеңілдетіге болмайды.

Осы себепті де карантин режимін ел астанасында, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің соңына дейін ұзартуды тапсырамын

Бұның барлығы кұткен шешім емес екенін білемін, адамдар көшеге шығып, қалыпты, күнделікті өмір салтына оралғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтап, оқшауланудан  басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы, — деді Тоқаев.

Бұған дейін ТЖ режимі 15 сәуірге дейін жарияланған болатын. Нұр-Сұлтан мен Алматыда 28 наурыздан бастап қатаң карантиндік шаралар енгізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз