Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-12
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Карантин қазақ тілін оқытудағы қандай проблемалардың бетін ашты

346

— Толқын Закенқызы, қазақ тілі сабағы бойынша онлайн сабақ қалай өтіп жатыр? Қандай бағдарламалық қосымшаны пайдаланасыздар?

—16 наурызда карантин режимі жарияланған сәттен бері Алматыдағы барлық кәсіби білім беру мекемелері онлайн оқыту режиміне көшті. Алғашында біз ұялы телефоны бар барлық қолданушыларға қолжетімді WhatsApp желісі арқылы жұмыс істедік. Бір аптадан кейін EduPade қосымшасын пайдалана бастадық.

Карантиндегі мұғалімдердің проблемасы

— Мұғалімдердің өзі қашықтан оқытуға дайын болды ма?

— Көптеген мұғалімдер мен тіпті студенттер мұндай жағдайға дайын емес еді. Барлық жүктеме мен жауапкершілік мұғалімдердің мойнына артылды. Жаңа қосымшаларды, порталдарды, бағдарламаларды әзірлеу және олармен тиімді жұмыс істеу жолдарын іздеу — мұғалім үшін ауыр міндет.

Сондай-ақ,

мұғалім мен тәрбиелеушінің барлығы бірдей жаңа техника сатып ала алмайтыны белгілі болды, олардың қаржылық жағдайы әртүрлі

Біз тіпті ең ескі компьютерлер мен ноутбуктерді пайдаланып отырмыз. Менің өзім де осындай жағдайдамын.

— Бағдарламалық қосымшлармен қалай жұмыс істеу керегін білесіз бе?

— Өкінішке орай, бізде бұған қатысты ешқандай семинар өткен жоқ. Бұл бағдарламаларды қолдануды да үйретпеді. Қайталап айта кетейін,

мұғалімдер мен ұстаздар осы жағдайдан шығудың жолдарын өз беттерімен қарастырып жатыр.

Қосымшаларды әзірлегеннен бөлек біз олармен қалай жұмыс істеу керегін білеміз. Мейлі ол EduPade немесе Skype болсын, бұл бағдарламалардың кез келгені пайдалы болуы мүмкін. Ең бастысы оның мүмкіндіктерін толық қолданып үйрену керек.

Мүмкіндік мен ниет

— Ата-аналар онлайн сабақтар қалай болса солай өтіп жатыр, балалар мұғалімнің тақтаға жазғанын құр көшіруде деп шағымданып жатыр. Қазақ тілі онлайн-режимде өткізуде қандай ерекшеліктер бар?

— Мен қазақ тілінің қазіргі жағдайын аянышты деп айтпас едім. Тіл үйрету жақсы жолға қойылған, бұл процеске аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Тәжірибе көрсеткендей түрлі әдістемелерді пайдаланып, онлайн сабақ беруге болады.

Мысалы, оқушыларға жаңа сөздер беру, оларды аудару, мәтіннен табу, сөйлемдерді құрастыру, сұрақтар қою және аудиожазба арқылы жауап алу. Сонымен қатар, видео көрсетіп және оның мазмұнын айту.

Сіз интернеттегі сөйлесудің барлық түрлерін (сөйлеу, жазу, тыңдау, оқу, айту)  пайдалана аласыз:  Мұнда ешқандай шектеу жоқ.

Яғни менің оқушыларым бұрынғыдай оқуын жалғасырып жатыр деуге болады

Мен үшін  монитордың арғы жағындағы балаларды үйрету қиын болды деп айта алмаймын.

Кейбіреулерге бұл онлайн режимі ұнамайды. Олар осы мүмкіндікті толық көлемде пайдаланбайды, өйткені үйде оқытуға арналған ыңғайлы орта жоқ, ал EduPade порталына немесе платформасына кіру шектелген.

— Қазақ тілі пәнінің оқытушылары неге шағымдануда? Толыққанды сапалы білім беру үшін не жетіспей жатыр?

— Қайталаймын, көптеген педагогтер компьютерлік бағдарламаларды нашар меңгерген. Сонымен қатар, олардың барлығы бірдей оқу құралдарындағы тапсырмаларды шеше алады деп те айта алмаймын. Болашақта мұғалімдерді даярлау мәселесі шешіледі деп үміттенемін. Менің әріптестерімнің арасында арнайы курстарға бармай-ақ, жаңа технологияларды үйренуге дайын адамдар көп.

Мен

сауатсыз ұстаздар оқушыларға не үйрете алады деген сұрақ алаңдатады. Жаңа бір нәрсені үйреніп, өзін-өзі дамытқысы келмейтін адам, балаға не бере алады?

— Баланың компьютері жоқ болса не істейді?

— Менің әрбір бесінші студентімдің жағдайы солай, біз олармен WhatsApp арқылы сабақ өтеміз.

Өздері оқығысы келмегендіктен, менің телефоным жоқ немесе істемйді деп сылтаурататын да студенттер бар. Біз амалсыздан оларға көз жұма қараймыз.

Шетелдіктерге арналған қазақ тілі

— Сіз шетелдіктерге қазақ тілінен сабақ бересіз бе? Қандай әдістерді пайдаланасыздар?

—Шетелдіктерге немесе біздің оқушымызға тілді үйретудің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Бірақ бір маңызды мәселе бар — колледж немесе орта мектеп оқушылары бекітілген бағдарламаға сәйкес қазақ тілін оқуы тиіс. Бірақ

ресми бағдарламалық мәтіндердің кейбірі нақты өмірге білім алушының қызығушылығын оята алмайды. Бұл студенттердің тілді үйренуге деген ынтасын төмендетеді

Шетелдіктерге не керек? Өте қарапайым нәрселер: сұрақ қоюға қабілетті болу. Мысалы: “Бәленше деген жерге қалай барсам болады?”, “Қайдан таба аламын?”, “Қай жерде орналасқан?”- және осы секілді қарапайым сұрақтарға жауап бере білу ғана керек. Сондықтан жеке сабақтарымда мен студенттерді қоғамдағы коммуникацияларды оқытамын, біз шынайы өмірлік жағдайларды үйренеміз.

— Оқушылардың ата-аналарына қандай кеңес бере аласыз? Олар онлайн-сабақ кезінде балаларымен бірге отырып, тапсырмаларын орындап, көмектесуі  керек пе?

— Ата-аналарға қандай да бір кеңес беру қиын. Ең алдымен, мен балаға сену керек деп айтар едім. Оның тапсырмаларды өз бетімен орындау қабілетін дамыту керек. Ата-аналардың көпшілігі өз балаларымен бірге отырып, тапсырмаларды бірге орындайды. Ал

ата-ананың шыдамы таусылған кезде, баланың да сабағы аяқталады

Ата-аналардың бақылауымен оқуға үйренген балалар жоғары сыныптарда өз бетінше сабақ жасай алмайды. Егер ата-аналар өз балаларын «жоғары баға» үшін емес, терең білім алу үшін оқуға үйретсе жақсы болар еді.

Онлайн қазақ тілі

— Интернетте ағылшын тіліндегі сабақтардың үлгісімен жасалған қазақ тілі бойынша сабақтар бар ма?

— Әдістемеге келгенде ағылшын және қазақ тілін оқытуды салыстыру мүмкін емес. Ағылшын тілі көп ғасырлық тарихқа ие, ал қазақ тілі тәуелсіздік алғаннан кейін ғана күш жинап, дами бастады. Бірақ ол технологиядан тыс қалған жоқ: бүгінде бізде де  онлайн-сабақтар өтіп жатыр, әлемдік технологиялар мен оқыту әдістемесі зерттелуде. Олардың бірі ретінде  Soyle.kz сайтын атауға болады.

— Балаларды қазақ тілін оқытуға қалай ынталандыруға болады?

— Бұл мен үшін күрделі сұрақ. Қазақ тілін білу — қоғам мен мемлекеттің талабы.

Біз бірлесе отырып, бүкіл қоғам болып қазақ тіліне деген сұранысты артыра аламыз

Ал егер адам үйрену қажеттілігін сезінбесе оқуға талпынбайда да. Қазақ тілінің мұғалімі бір өзі бүкіл елдегі жағдайды өзгертуге қауқарсыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз