Бас санитарлық дәрігер Айжан Есмагамбетова ел астанасы мен Алматыда коронавирустың таралу қарқынының төмендегі туралы айтты.
— 27 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандардың саны күніне 60 жағдайдан 5 сәуір күні нөлге дейін төмендеді, Алматыда 15-тен 6 жағдайға дейін құбылып тұр, — деді Есмағамбетова.
Оның айтуынша, ел бойынша ауру ауру жұқтырғандардың өсуі 10%-дың шегінде дегенмен Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Түркістан облыстарында 20-30% деңгейінде сақталып тұр.