Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Апокалипсис» кезінде қолыңыздағы ақшаны сақтап қалып, оны қалай көбейтуге болады

358

Коронавирустың өршуі бүкіл әлемде тұрақсыздық орнатты. Мұнай бағасы төмендегеннен кейін теңге де құнсызданды. Жинаған қаржыны сақтап қалып, оны қалай көбейтуге болады деген сұрақ туындайды. Біз бұл туралы сарапшылардан сұрап көрген едік.

Тәуекелге бару керек пе, әлде сақтанған дұрыс па?

Экономист, AERC директоры  Жаныбек Айгазин ақшаны доллармен, әлемдік валютамен сақтаған дұрыс деп есептейді.

— Қазір көптеген қаржы құралдарының бағасы арзандады, бәрі өзгереді. Қорғаныс активі деп ойлаған алтынның да құны арзандады. Әлем алғаш рет осындай пандемияға тап болды, тіпті осыдан жүз жыл бұрынғы «испан обасы» да бүкіл әлем қамтымаған елді, — деп атап өтті экономист.

«Фридом Финанс» ИК сарапшысы Тамерлан Абсалямов басқа жолды ұсынады.

— Бірінші кезекте өз портфелін әртараптандыруды туралы ойлану керек. Ол қазыналық және корпоративтік облигациялардан, сондай-ақ ірі компаниялардың акцияларын 30/70 арақатынасымен сатып алу керек. Облигациялар тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді, ал портфельдегі акциялар нарықты қалпына келтірген жағдайда пайда әкеледі, — деп сендірді сарапшы.

Алтын алуға бола ма?

Абсалямовтың айтуынша, алтынға келетін болсақ, оны биржадағы әртүрлі ETF арқылы, брокерлік шот арқылы сатып алу оңай.

— Белгілі бір сәттерде алтын инфляциядан қорғай алады, себебі ол тұрақты актив,  инвесторлар бұл металды дағдарыс және түзету кезеңінде көбірек сатып алуға тырысады. Бірақ

инвестициялық актив ретінде алтын долларға тәуелді және пайдасы аз болалатынын естен шығармау керек

— дейді ол.

Ал экономист Арман Байгановтың пікірінше,  қаржы нарығы ары қарай да  құлдырайды. Дағдарыс та күшейеді.

Арман Байғанов, дереккөзі: «Хабар» телеканалы

— Әуе компаниялары мен мемлекеттік бизнес секторындағы компаниялардың акцияларын сатып алу керек. Олардың құны қазір төмендеді, дегенмен пандемия аяқталғаннан кейін қайта артады.

Мұнай компанияларына қатысты да осыны айтуға болады. Олардың акциялары 2020 жылдың соңында қымбаттайды. Кем дегенде бір барреліне 40 долларды құрайтыны анық.

Алтын мен алтын кенін қазатын компаниялардың да акциялары қымбаттайды. Бұл компанияларда баға құбылмалығы физикалық алтынға қарағанда екі есе жоғары болуы мүмкін

Теңгемен сақтауға бола ма?

Егер сізде брокерлік шот болмаса, ақша салудың пассивті нұсқасын таңдауға болады. Қазір базалық мөлшерлеме көтерілді, кейбір банктерде теңгелік депозиттер бойынша мөлшерлемелер 14%-ға дейін жетті. Бірақ бұдан кейін базалық мөлшерлеме төмендейді, тиісінше банктердегі депозиттер де арзандайды.

Менің ойымша, теңге бұдан ары құлдырамайды,  мұнай бағасының көтерілуіне қарай керісінше нығаяды

Долларлық депозиттерге келетін болсақ, бұл өте тиімді салым емес, сонымен қатар қазір Америка экономикасына көп ақша құйылды, сондықтан доллар да аздап құнсыздануы мүмкін.  Валюталардың ішінде Жапон йенасы әлдеқайда күшті болады — Жапонияның  экономикасы күшті, сонымен қатар, ел коронавирусты жеңді. Қолында қаржысы барлар, қазір оларды жылжымайтын мүлікке салуға болады. Кейін олардың бағасы арзандап, оларды көбейтудің жақсы мүмкіндіктері пайда болады — деді Байғанин.

Доллар мен еуро ең сенімді валюталар

Экономист Әсет Наурызбаев, активтерді «сақтап қалу» және «жеңіліс табу» түсініктерінің ара-жігін анықтау керек дейді.

Әсет Наурызбаев, сурет: kapital.kz

—  Кез келген жерде жеңіліс табуға болады, алайда ақшаны жоғалтып алу тәуекелі бар. Мен егер ақшаны ұзақ уақыт бойы жұмсамайтын болмасаңыз оны доллар немесе еуромен сақтаңыз, ал қысқа мерзімді қорларды теңгемен сақтаңыз деп әрқашан айтып жүремін.

Бүгінде тіпті  АҚШ-тың акциялары туралы айтпағанда, қазыналық  құнды қағаздарының да бағасы құлдырады

Сондықтан, егер сіздің ақшаңыз бен тәуекелге бел бууға ниетіңіз болса, тәуекелге барыңыз. Ал егер жинақтауыңызды сақтап қалғыңыз келсе, сенімді кэште ұстаңыз,— деп қортындылады экономист.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз