Ұлыбританиядағы Лландидно атты шағын қаланы жабайы тау текелер «басып алған». Жануарлар ешкімнен қорықпай қала көшелерін кезіп жүр, гүлзарлардағы шөпті жеп, жергілікті тұрғындардың ауласында демалуда.
Wales Online хабарлауынша текелер қалаға Ұлы Орм мүйісінен түсіп келген. Жергілікті халық бұған дейін де бұл жануарлардың қаланың шет жағында жүретінін байқаған, олар адамдардан қорқып орталық аудандарға келе алмаған екен. Қазір пандемия мен карантин өршіп тұрған сәтте, жол ашық, көшелер бос. Осындай жағдайды пайдаланып, текелер батыл шешімге барған болса керек.
«Менің ойымша, көптеген қалада тұратын адамдар оларды үйлерінің жанынан көріп қуануда. Мейлі гүлдерін жеп кетсе де, оларды жақыннан көре алды», —
дейді жергілікті тұрғын.