Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Карантин кезінде өзіңді бақытты сезініп, артық салмақ қоспау үшін не істеу керек

277

— Тамара, бүгінде адамдардың көбі үйлерінде отыр. Сәйкесінше көбірек тамақ ішіп, азырақ қимылдайды. Өзіңді-өзің қолыңа алып, карантин кезіндегі уақытты қалай пайдалы өткізуге болады?

— Біріншіден, үйге үнемі жегіңіз келе беретін зиянды тамақтардың орнына, жемістер мен көкөністер сатып алып,  жиі  салат жасаңыз, көбірек қимылдауға тырысыңыз.

Еріншектер ертеңмен өмір сүреді

— Менің ойымша, еріншектер барлық істі ертеңге қалдырып қояды, бірақ ертесі күні де ойға алған істін орындамайды.

Бізге мықты және берік күш-жігер керек.

Адам бұл маған не үшін керек, және ол маған не береді деген сұрақ туралы ойланып, түсінуі керек

Қандай да бір жұмыс істеу үшін, алдымен мақсат қойып, мотвация алып, соңғы нәтижені түсініп алған жөн.

Тәбетті қалай төмендетуге болады?

— Біріншіден, қытырлақ картоп, кириешки, бөлке нан, тәттілер және т.б. сатып алмау керек. Зиянды тамақтардан бас тартыңыз.

Қазір тез дайындалатын тамақтардың орнына дәмді әрі пайдалы асты дайындап үйрене аласыз.

Екіншіден, бұрындары уақыт таппай жүрген онлайн-сабақтарға қатысу. Мысалы, гитарада ойнап үйрену, кітап оқу, шпағатқа отыру, белгілі бір шағын мақсаттар қойып, оларға жетуге талпыну керек. Сонда ғана тоңазытқышқа көп бара бермейтініңізді байқайсыз.

Шығармашылықпен көбірек айналысыңыз

— Мен өзімнің әдеттегі күн тәртібімді сақтап қалдым. Тек қазіргі кезде

йога бойынша сабақтарымды студияда емес, онлайн түрде өткізіп жүрмін

Әдетте өлеңдерімді түнгі уақытта жазамын, қазірде солай. Диктафорнға жазып алып, таңертең қағазға түсіремін.

Карантин кезіндегі күнделікті өмір

— Таңертең миға күш түсіретін еншәрсе жасамаймын, медитация мен үй шаруасына көңіл бөлемін.

Мен тәттілерді, жалпы тамақтанғанды жақсы көремін, жаңа дайындалған жылы тағамдарды таңдаймын.  Әдетте тәттілерді өзім де пісіремін. Құрамына не қосылғанын білгендіктен, оларды сүйсіне жеймін.

Жасы үлкен адамдарға кеңес

— Ең алдымен, жағымсыз ақпаратты азырақ тыңдау керек.

Тамаққа көкөністер мен жемістерді, майы аз сүт өнімдерін дәнді-дақылдардың үлесін  көбейткен жөн…

Дене қимылын көбейтіп, көбірек жүріп, жүгіріп, велосипед теуіп, мүмкін болса жүзу керек.

Кофе, темекіні аяйтып, адамдар көп жиналған жерга барудан бас тартқан дұрыс. Сол арқылы вирус  жұқтыру қаупін азайтасыздар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз