Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Доллар бағамы 500-ге дейін жете ме?

583

16 наурыз күні KASE-дегі таңғы сесияда доллар бірден 434,38-ге, яғни  29 теңгеге қымбаттап кетті. Одан бірнеше сағат бұрын Ұлттық банк баспасөз ақпаратын таратып, қиын кезеңнің басталғанын атап өткен еді.

Құжаттағы бір сөйлем сарапшылардың қызығушылығын тудырды:

«Қазіргі сәттен бастап жаңа іргелі жағдайларды ескере отырып, Ұлттық банк еркін бағам белгілеу және инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниеттеніп отыр».

«Еркін бағам белгілеу»  саясаты үш жыл бұрын жарияланған болатын, ал Ұлттық банк одан ресми түрде бас тартқан жоқ. Сондықтан «қазіргі сәттен бастап» деген сөзі таңғалдырды.

Мәселен, экономист Олжас Тулеуов өзінің  Telegram каналында:

— Ендігі жерде Ұлттық банк өзінің валюталық нарықтағы рөлін қысқартып, теңге бағамының құнсыздануына жоспарлы интервенция жасау арқылы ықпалын төмендетіп, қазіргі жағдайда нарыққа өз бетімен тепе-тең мәнді анықтауға мүмкіндік беруде.

Біз экономист Айдархан Құсайыновтан  бұл шешімнің нәтижесі қандай болатынын сұрап көрдік.

Валюта бағамын ұстап тұра алмадық

— Айдархан, реттеушінің мәлімдемесі туралы не айтасыз?

— Өте қызықты жағдай. Ұлттық банк ресми түрде үш жыл бой еркін айналым режиміндегі инфляциялық таргеттеу саясатын ұстанып келді. Ол Акишевтің кезінде басталған еді. Бұндай баспасөз ақпатында Ұлттық банк қаржы бағамының тербелісін реттеу үшін қысқа мерзімді интервенция жүргізу құқығына ие деген қосымша ақпарат жолы болады.

— Ол бұл құжатта да бар.

—  Қандай да бір дүрбелең кезінде араласу — қалыпты тәжірибе.  Қалған уақытта теңге «еркін айналымға» жіберіледі. Яғни,

бұрын ешқандай еркін айналым болған жоқ, теңге бағамы тікелей басқарылды

Құбылмалықты реттеудегі интервенцияның орнына  400 теңге шегінен асып кетпес үшін долларды жасанды жолмен ұстап тұрды.

— Бұған дейін де бұл туралы кейбір сарапшылар айтып жүрген жоқ па еді?

— Ұлттық банк бұны растады. Бұл баспасөз ақпаратының қателігі емес шығар.

—Енді не болады? Доллар 500 теңгеге дейін көтеріле ме?

— Қорқынышты ештеңе болмайды. Шын мәнінде, бұл қалыпты режим. Егер, әрине, Ұлттық банк тағы да «өз сөздерінен айнып кетпесе». Доллар 430 теңге көлемінде сақталады,  маусымдық ауытқулар болуы мүмкін. Ал қазіргі дүрлікпе долларды жасанды ұстап тұрудың нәтижесі.

Бұдан кейін тағы да инфляция бола ма?

— Баға бірден көтеріліп кетеді ғой. Кәсіпкерлер де, қатардағы тұтынушлар да зардап шегеді. 

—2018 жылы теңге шынымен де, еркін айналымда болды,

теңге бағамы 340-тан 380-ге  көтерілсе де инфляция 4,8%  дейін қысқарған еді

Дегенмен 2019 жылы ол тұрақты болды, ал инфляция 6%-ға дейін өсті. Бастапқыда қандай да бір жаппай дүрбелең болатын да шығар, еркін айналым шынымен де жұмыс істесе инфляция төмендеуі керек.

Сондай-ақ,

біздің тұтынушылық импорттың жартысынан астамы  — ресей өнімі

Ал рубль қаңтар айында 6 теңгеден 5,8 теңгеге арзандаған. Ресей тауарларының бағасын қымбаттатудың мәні неде? Ал доллармен келетін импорт қатардағы тұтынушылар үшін емес. Сіз еуропалық сүт сатып аласыз ба?

— Мен мысалы түрік джинсасын сатып аламын. 

— Біріншіден, бұған дейін-ақ түрік лирасы арзандаған. Екішіден бұл джинс шалбарларының өзіндік бағасы дүкендегі бағасының отыз пайызын ғана құрайды. Қалғандары тасымал, сатушылардың жалақысы, жалға алу құны және т.б. Бұл шығындар валютаға байланысты емес.

Жалпы алғанда инфляциялық үрей  өте әсіреленіп кетті. Мәселен, мен кеше дүкеннен  темекі сатып алғанда, сатушы: «Негізі көбірек сатып алғаныңыз жөн, келесі аптада әкелінбеуі мүмкін». Неліктен. Бізде «Филип Моррис Қазақстан» өзінің зауытын тоқтатты дей ме? Бұның барлығы ел арасында үрей тудыру әрекеті.

Қалыпты жағдай

— Яғни теңге бағамын еркін ағымға жіберу дұрыс шешім болды ма? 

— 2019 жылы ұстап тұру қате шешім болды.

Белгілі бір бағамға көзі үйреніп қалған халық, аздаған құбылмалылық үшін де үрейленеді

Егер олар теңге бағамының құбылмалы болғанына қарамастан, бағаның өзгермейтінін түсінсе, адамдар бұл туралы ойламайтын да болады.

Сөзімізді дәйектейтін болсақ, бір жыл бойы бағам 320 теңге болды, кейін ол 330-ға көтерілді. Әр адам бұл бағам тағы бір жыл бойы тұрақты болып тұрады деп үміттенеді. Ал сатушылар бірден өз тауарларының бағасын көтереді. Егер бағам бүгін 320, ертең 330, ал бір аптадан кейін 310 болса, тауардын бағасын валюталық саудаға байланыстырмайтын боласыз.

Ресейлік Орталық банктің басшысы  Эльвира Набиуллина Акишевпен жеке әңгімесінде

рубль ұзақ уақыт бой тұрақты болып қалса, оны жасанды түрде «тербеткенін» айтқан.

Адамдар тұрақты бағамға үйреніп қалса, олар кез келген қозғалысқа күдікпен қарайтын болады. Бұл әдет өте қауіпті, бұл қауіпті бәрі бірдей түсіне бермейді.

Ақшаны да жұмсадық, күресте де жеңілдік

— Ұлттық банк өткен сейсенбіде теңге бағамын «еркіндікке» жіберуі тиіс еді. Доллар 430-ға дейін «оқтай көтеріліп»,  кейін реттегіш дәл осындай баспасөз хабарламасымен  халыққа қолданыстағы бағытымызды түсіндіруі керек болатын. Ал қазір оған арзан мұнай мен коронавирус соққы жасады.

Бүгінде 430 — объективті нарықтық бағам

Біраз уақыт ел азаматтары үкіметке наразылық білдірсе де, нақты жағдайда да өмір сүріп, бизнес қайтадан жаңаша жоспарланатын еді. Сейсенбі күні жарияласа да, сәрсенбіде СОСО-ың иелері жалға алушылармен келіссөздерді бастап, кімнің қанша төлейтінін анықтайтын еді. Баға белгілі болғаннан кейін, бейсенбіден бастап бәрі қалыпты жағдайда жұмыс істей бастар еді.  Ал Ұлттық банк барлығын белгісіздік жағдайында қалдырғаннан кейін, адамдар арасында дүрбелең туындады және бәрібір нәтижесі өзгерген жоқ.

Яғни қазіргі дүрлігу қолдан жасалып отыр. Белгісіздікке қарағанда, қаншылықты қорқынышты болса да шындық жақсы. Бір апта бойы белгісіздікте ұстағанымен, нәтижесі жақсарған жоқ. Мұның бәріне Ұлттық банк екі миллиард АҚШ долларын жұмсады.

Егер ол теңге бағамын бірден еркіндікке жіберіп, сол екі миллиард долларды 430 теңгемен сатса, одан түскен пайданы дағдарысқа қарсы бағдарламаға,

әлеуметтік және басқа да шараларға қолдануға болар еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз