«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының екі қызметкері коронавирус жұқтырған жолаушылармен бірге ұшып келген.
«Компанияның екі қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тексерілді. Қызметкерлердің біреуі Франкфур-Нұр-Сұлтан рейсінде коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге ұшып келген. Ал екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған болатын. Қызметкерлер алгоритмге сәйкес COVID-19 бар-жоқтығын анықтайтын тест тапсырды, — деген ақпарат береді компания өз сайтында.
Компания барлық кәсіпорында қауіпсіздік шаралары барынша сақталғаны туралы айтты. Ал мұнай мен газ өндіру, оларды тасымалдау және өңдеу жұмыстары штаттық режимде жалғасуда.