Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Қазақстанда коронавирус тараса азық-түлік қоры қашанға дейін жетеді?

338
Ашық көздерден алынған сурет

Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, Алматы мен Нұр-Сұлтан тұрғындары азық- түлікті сатып алып, дүкен сөрелерін босатып жатыр. Оның екі себебі бар: ол доллар мен коронавирустың ел аумағына енуі. Билік халықты үрейленуге еш себеп жоғына сендіріп, тыныштандыруға тырысады. «Бізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің 19 түрі бар.  Олардың қоры жарты жылға жетеді. Ешкім қол қусырып отырған жоқ. Барлық әкімдерге тапсырма берілді, азық-түлік қауіпсіздігі – ең бірінші бір мәселе . Ол бақылауда», — деді Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Бұған қатысты ресми статистика не дейді?

Осал тұсымыз: қант пен тауық

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізімі 19 атаудан тұрады. Оларға еттің екі түрі (сиыр еті мен тауық еті), сүт өнімдері (айран, сүт, сүзбе, сары май), бакалея (ұн, макарон, күріш, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, қант, тұз), көкөністер (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат), сондай-ақ жұмыртқа мен нан жатады.

Олардың көпшілігі бойынша теориялық тұрғыдан Қазақстан өзін-өзі қамтамасыз ете алады–

өндірістің жылдық көлемі ішкі нарықтағы өткізу көлемінен артық

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің кейбірі (ұн және күріш сияқты) шетелге экспортталады. Әсіресе, қазақстандық ұн, жұмыртқа және сүт өндірушілердің позициялары күшті – олар ішкі нарықтың 95%- дан астамын бақылайды.

Екі проблемалық позициялар бар. Біріншісі – қант. Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылы республикада 197 мың тонна өнім өндірілді, импорт 250,9 мың тоннаны құрады. Дегенмен, мұнда да екі маңызды мәселе бар:

  • өндіріс әлеуеті толығымен пайдаланылмайды. 2016 жылы өндіріс көлемі 450 мың тоннадан асты. Содан бергі 4 жыл бойы өндіріс көлемі төмендеуде.  Бұған-қант құнының  төмендеуі себеп болып отыр;
  • Екінші себеп – Ресейдегі артық өндіріс проблемасы: ішкі нарықтағы сұраныстан бірнеше есе жоғары көлемде өндіріледі.  Қазақстанның ЕАЭО бойынша серіктесі 2019 жылы 87,5 млн долларға, 2020 жылдың қаңтарында 12,1 млн долларға тауар сатты.

Қазақстанда құс етіне байланысты да мәселе бар. 2019 жылы өз өндірісі 223 мың тоннаны құрады, импорт 173,1 мың тоннаны құрады (2020 жылғы қаңтарда – 3,8 мың тонна). Негізінен бұл республикаға АҚШ-тан әкелінетін тауық еті.

Көкөніс жеткілікті

Статистика комитеті жемістер бойынша деректерді көрсетпейді, бірақ көкөністерді өндіру және импорттау бойынша сандар бар. Нақты айтар болсақ: өз өндірісі жеткілікті. Бірақ бұл жыл қорытындысы бойынша берілген дерек, маусымаралық импорттың болатыны сөзсіз. Мысалы, желтоқсан айында Қазақстанға:

• 1,5 мың тонна қырыққабат
• 2,4 мың т бұрыш
• 1,3 мың т қиыр
• 2,8 мың т қызанақ
• 2,1 мың т пияз
• 2,9 мың т қызылша
• 7,4 мыңт жүзім
• 10,3 мың т алма

Алайда жыл қорытындысы бойынша  әр отандық өнімнің өндіріс көлемі бұдан жүз есе көп.

Қалған азық-түлік өнімдеріне қатысты не айтуға болады?

Қазақстанның ет өніміне қажеттілігінің 84,6%-ын жеке өндірушілер толтыра алады. Өзіміздің өндіріс көлемі 1,1 млн тонна болса,  импорт 204,8 мың тоннаны құрайды (негізінен тауық еті). Алайда ет өнімімен байланысты кейбір проблемалар бар.

Отандық шұжық өндірушілер қазақстандық нарықта 61,7%-ды , ет консервілері бойынша 65,7%-ды алады. Сонымен қатар, шетелдік балық өнімдеріне тәуелділік бар, жергілікті өндірушілер ішкі нарықтың 45%-ын ғана иеленген.

Сүт өнімдеріне байланысты  да осындай жағдай орын алған: ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін шикізат жеткілікті, бірақ кейбір өнім түрлерімен проблемалар бар .

Мысалы, импорттық ірімшік пен сүзбеге нарықтың 46,5%– ы , маргаринге-52%-дан астамы келеді. Сонымен қатар, сары май өндірісіне қатысты да алар асуымыз әлі алда –

2019 жылы нарықтың 20%- дан астамын шетелдік өндірушілер өз мойнына алды

Бірақ қазақстандық шай мен кофе өндірушілерінің жағдайы тіптен нашар.  Өткен жылы шығарылған өнім көлемі 15,6 мың тоннаны құрады. Бұл импорттан үш есе аз. Шайға көбінесе импорттық шоколад ұсынылады, ал жылына Қазақстанға 104,3 мың тонна шоколад импортталды. Бұл қажеттіліктің 51,6%-ы.
Бұдан басқа, қазақстандық нарықта келесі өнімдер бойынша шетелдік өндірушілердің рөлі өте жоғары:

  • шырындар (34,6%)
  • жаңғақ (92%)
  • қайта өңделген көкөністер (78,2%)
  • қойылтылған сүт (68,7%)
  • дәмдеуіштер, тұздықтар және сірке суы (53,5%)

Осылайша, Қазақстан өзін қажетті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ете алады. Алайда, толық азық-түлік тәуелсіздігі үшін ассортименттің алуан түрлілігімен жұмыс істеу қажет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз