Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сарапшылар: коронавирус миллиондаған адамның өмірін жалмап, әлем экономикасына $9 трлн шығын келтіреді

278
Сурет: euronews.com

COVID-19 коронавирусының таралуы Қытай экономикасына зиян келтіріп, бүкіл әлемге таралып жатыр. Аурудың даму сипаты мен оның экономикалық салдарларының қандай болатыны әлі де белгісіз. Бұл көптеген елдің макроэкономикалық саясатта қандай да бір шаралар қолдануына кедергі келтіруде. Ықтимал экономикалық салдарын жақсырақ түсіну үшін ANU мамандары COVID-19 вирусының даму сипатының жеті сценарийін қарасырылды. Олар 2003 жылы әзірленген моделдеу әдістемесін пайдаланды.

Вирус  негізінен алғанда Қытай аумағында қалатын болса, үш сценарий әлемдік экономикаға әсер етеді. Төрт сценарий Covid-19 вирусының басқа елдерге әсерін зерттейді. Соның ішінде жетінші сценарий вирустың жаһандық деңгейдегі әсеріне қатысты.

Салдары аса ауыр болмайды дегеннің өзінде әлемдік ЖІӨ-нің шығыны 2,4 трлн АҚШ долларын құрайды.

Вирустың  кесірінен 15 млн адам қаза болады. Проблема күрделі болған сайын шығындар да күрт артып, әлемдік ЖІӨ-нің ең жоғарғы шығына 9 трлн АҚШ долларына жетеді.

Жағдай бұдан да нашарлауы мүмкін

Барлық сценарий аурудың таралуын жақын арада тоқтатар болсақ та, әлемдік экономикаға айтарлықтай ықпал ететінін көрсетіп отыр. Ғалымдар экономикалық шығынның ауқымы туралы ақпарат бере отырып, оларды қысқартуға болады дейді.

Ол үшін барлық елдегі денсаулық сақтау жүйесіне инвестициялау қажет

Бұл әсіресе денсаулық сақтау саласы нашар дамыған, халқы тығыз орналасқан мемлекеттерге қатысты.

Ғалымдар:

«Өзара тағыз байланыс орнаған әлемде ауру тарала бастаған кездің өзінде оның салдары қандай болатыны белгілі болды. Өндірістегі кідірістерге байланысты Қытай экономикасының дамуының баяулауы жеткізілімдердің әлемдік тізбегін бұзды.

Қытай өнімдеріне тәуелді әлемдегі компаниялар өндірісін қысқартуға мәжбүр болды. Елдер арасындағы қозғалысты шектеу туризмнен  басқа да салаларға әсер етіп,  жаһандық экономиканың өсінуін баяулатты.

Ең бастысы тұтынушылардың арасындағы дүрбелең қалыпты моделдерді бұрмалап, нарықта ауытқулар туындатты

Негізгі қорытындылар

Қазіргі уақытта кез келген сценарий бойынша жасалған болжамдар толықтай жүзеге асады деп айта алмаймыз дейді ғалымдар. Алайда қазірден бастап саяси және экономикалық шаралар қолданылуы керек деп ескертеді.

Нақты айтқанда, жақын арада

  • орталық банктер мен қазыналық міндеттемелер ауру тарап жатқан кезде экономиканың дұрыс жұмыс істейтініне сенімді болуы керек. Яғни, вирустың таралуы көп қырлы дағдарыс әкелуі мүмкін. Олар қаржы-несие және денсаулық сақтау саласында тиісті жауап қата білуі керек;
  • ауру жұқтырғандарды карантинге жабу және әлеуметтік қарым-қатынас ауқымын қысқарту тиімді әдіс. Халық арасында гигиенаның сақталуын насихаттау жұқтыру мүмкіндігін төмендетіп, сәйкесінше әлеуметтік, экономикалық шығындарды қысқартады.

Ұзақ мерзімді шаралар

Осындай аурулардың қауіп-қатеріне қарамастан, ел үкіметтері денсаулық сақтау саласына қаржы бөлуге асыққан жоқ.

Тәжірибе көрсеткендей, дамыған елдердің шекараны жабуы COVID-19 вирусының ел ішіне енуінен сақтай алмады.  Сондықтан, әсіресе қоғамдық денсаулық сақтау саласында жаһандық серіктестік орнату экономикалық даму және осы тектес аурулардың таралуының алдын алады.

«Денсаулық сақтау саласындағы мамандар экономикалық дамуда өмір сүру сапасын арттырудың маңызы туралы бұрыннан бері айтып келе жатыр. Алайда саясаткерлер ғылыми дәлелдерді елемейді», — дейді зерттеу авторлары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз