Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де алмасу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан америкалық студент америкалық мәдениеттің ерекшеліктері туралы айтады.
Кантри америкалық стилдегі музыка. Оны «Америка әуені» деп те атайды. Мен бұл туралы жақсы немесе нашар деп айта алмаймын. Неліктен нашар? Себебі, әндердің 90% мағынасы «қыздар, қыздар, менде пикап бар» дегенге келеді. Оны аударуға тырысқанда, мағынасы жойылып, жағымсыз естіледі. Бірақ ағылшын тілі мен мағынаның әдемілігі сәйкес келетін жағдайдың аз екеніне сенімдімін.
Алайда, Америкада кантри музыканың фанаттары өте көп. Олар бұл стилдің сұлулығын түсінбегендерді өте ұната бермейді. Сондықтан сізден бұл өлең саған ұнай ма деп сұраса
көзіңіздің жасын сүрткендей болып: «Бұл өлеңді тыңдағанда Қазақстанда қалған пикапым есіме түсіп кетті…»
– деп жауап беріңіз.
Бұнда менен нағыз америкалық ұлттық асхана қандай болады деп жиі сұрайды. Шынымды айтсам, ең дәмді америкалық тағамдар – мексикалық тағамдар.
америкалық мәдениеттің бір жақсы жері, онда түрлі мәдениеттің элементтері бар
Анамның атасы картошка жалықтырып жіберген соң, дәмді тамақты аңсап Ирландиядан кетіп қалғанын айтқан.
Америкаға келген мақсатыңа қарамай, міндетті түрде тако, буррито және фахитаның дәмін татып көр.
Ал егер өзіңді нағыз америкалық ретінде сезінгіңіз келсе, бұрын бәрін бір уақытта жеңіз.
Америкаға барып келгеннен кейін сенің жағың талып ауырмаса, сен көп адамды ренжіттің деген сөз. Себебі сен көп күлген жоқсың. біз әрқашан жымиып жүреміз. Көшеде қыдырғанда – күлімдеп жүреміз. Макдоналдстен кофе сатып алсақ — күлімдеп жүреміз. Адамды жұмыстан шығарсақ — күлімдеп тұрамыз. Тіпті жұмыстан шығып жатқан адам да жымиып жауап қатады.
Бізде тіпті «Күлкісіз америкалық жалаңаш адаммен тең» деген мақал да бар
Мен бұрынғыға қарағанда азырақ күлсем де, Қазақстандағы адамдар мені психикалық дені сау емес адам деп ойлайды. Ал америкалықтар мені көңілсіз деп есептейді. Сондықтан сіздерге берер кеңесім: әрқашан, әр жерде, барлығына күліп жүріңіздер.
Америкада сені футболға шақырса, ол сіз ойлаған футбол болмайтынына дайын болуыңыз керек. Ол америкалық фудбол. Оны америкалықтардың бәрі неліктен жақсы көретінін білмеймін. Бұл туралы толығырақ әңгімелеп берейін.
Матч басталардың алдында стадионның үстінен әскери самолеттер ұшып жүреді. Алаңда үлкен еркектер бір біріне жүгіріп, маңдайларымен соқтығысады. Біреуді зембіге салып әкетіп жатады, ал алаңның жиегінде жартылай жалаңаш қыздар би билеп тұрса, трибунадағы жанкүйерлер тоқтамай алкоголь ішеді.
Үйде отырып матч көргенде де көп ішімдік ішеді, әр бес минут сайын ұзақ жарнама болады. Жалпы алғанда америкалық футбол ең америкалық ойын түрі.
Менің ойымша кейбір кездерде, америкалықтар өздерінің қай елде тұрып жатқанын ұмытып қалады? Бұл мәселені шешу үшін, америкалық туды барлық жерге: ғимараттардың алдына, ішіне іліп, футболкалар мен ішкиімдерге суретін салып қойған.
«Аполлонның» айға барудағы мақсат не? Туды жаңа бір жерге ілу
Америкалық тулардың көптігі оғаш көрінгенмен, сен өзіңнің қайда екеніңді ұмытпайсың.
Америкалық мәдениетте қарудың алар орны ерекше… Тіпті Америкада адамдарға қарағанда қару көп деп айтуға болатын шығар. Көшеде кетіп бара жатып, қолында пистолеті немесе автоматы бар адамды көруіңізге болады. Ол ешбір заңды бұзбауы да мүмкін. Ал қоланда автоматы бар адам сенен кантри музыканы ұнатасың ба деп сқрауы мүмкін. Сен қалай жауап беру керегін белесің…
Егер сенің жолың болса, әңгімелесуші сені автоматтан атуға шақырады. Бұл ең қызықты және америкалық демалыс түрі.