Әнші Instagram-да ең танымал қазақстандық әйелдердің арасында көш бастады.


Әлеуметтік желідегі сурет
Жұлдызға 4,4 млн адам жазылған. Әртіс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «әдемі» өмірді, сән-салтанатты, саяхат, қымбат көліктер мен шетелдік шопингті көрсетеді.
Продюсер Баян Алагөзова екінші орынды иеленді. Оның әлеуметтік желідегі оқырмандары 3,9 млн астам.

Әлеуметтік желідегі сурет
Үшінші орынға Баянның туысқаны— оның жиені, жақында ғана ана атанған Аша Матай жайғасты. Оның парақшасын 3,8 млн адам бақылайды.

Әлеуметтік желідегі сурет
Ерлердің аудиториясына келер болсақ, мұнда бәрі қарапайым. Соңғы бірнеше жыл бойы оқырмандарының саны бойынша Қайрат Нұртас көш бастап тұр. Миллиондаған адамның кумирінің парақшасында 4,6 млн адам жазылған. Ол отандық шоу бизнестегі оқырмандары ең көп адам.