Нұр-Сұлтандағы брифинг барысында бас санитарлық дәрігер кәсіпорындарды дезинфекциялық режимді күшейтіп және оның сақталуын қадағалауға шақырды.
«Мен кәсіпорын басшыларына: дезинфекциялық режимді күшейтіп, міндетті түрде қол жуу үшін жағдай жасауға шақырамын. Қоғамдық ұйымдардың барлығында сұйық сабын қойылсын, —
Әсіресе супермаркеттерде, медициналық мекемелерде дезинфекциялық режимді сақтап, сағат сайын сүйеніштерді, есік тұтқаларын өңдеу қажет.
Бас санитарлық дәрігердің мәліметі бойынша, Қытайды есепке алмағанда бір тәулік ішінде әлемде коронавирус жұқтырғандардың саны 16%-ға өсті. Қытайда инфекцияға қатысты жағдай тұрақталғанын көрсетіп отыр. Қазақстанда коронавирусты жұқтырған жағдай анықталған жоқ.