Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Мемлекетке кім маңызды? Этнос па әлде азамат па?

365

Саясаттанушы Толғанай Умбеталиева Қордай ауданындағы (2020 жыл, 7-8 ақпан) тәртіпсіздіктердің басты себебі этносаралық қатынас екеніне сенімді.

«Этносаралық қатынастардың құрылуына себеп болатын құндылықтар анықталмаған. Белгілі бір жағдайда өзіңді қалай ұстау керектігі туралы ережелер да жоқ».

Саясаттанушының пікірі бойынша, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бастап, осы мәселеге қатысты жаңа жұмыс тәсілі қалыптасқан жоқ, ал Кеңес Одағының ережелері жұмыс істемейді.

Қазақстанда көпшілік мойындайтын орталық немесе аралық сот жоқ. Умбеталиеваның пікірінше, КСРО кезінде біздің республикадағы ұлттардың барлығы тең болатын, ешқандай иерархия болған жоқ.

«Қазақтар өздерінің мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлінің мәнін толық түсінбейді. Бүгінгі таңда олар иерархиялық рөлді қабылдап отыр.

Яғни барлығы оларға құрметпен қарауы керек. Бұл жағдай бір кездері қазақтардың КСРО-ның мәскеулік орталығына қатысты көзқарасын еске түсіреді. Бүгінде мемлекет құраушы ұлт туралы  осы көзқарасты қазақтар Қазақстанға ауыстырып, өздерінің рөлін осы бағытта қарастырады. Кейбірі осы рөлді басқалардың мойындауын қатал түрде талап ете бастады.

Әрине, біз Қордайдағы жағдайды әлеуметтік проблема ретінде қарастыра аламыз. Бірақ менің ойымша, бұл этносаралық мәселенің реттелмегендігі.  Біз осы жайтты мойындап, шешім қабылдауымыз керек, — деп есептейді саясаттанушы.

Умбеталиева Кеңес Одағындағы этносаралық қатынас туралы түсінік бүгінгі күні өзінің маңызын жойғанын түсінуіміз керек дейді. Оның пікірінше, «ұлтаралық», «этнос», «ассимиляция» секілді ұғымдардан бас тартып, «ұлтаралық келісім» түсінігін басқа тұрғыдан қарарстару қажет.

«Ең бастысы — адам мен оның құқығы. Сондықтан этносқа еш жерде басымдылық берілмеуі керек

Әлеуметтік зерттеулер жүргізгенде де, статистикалық мәліметтерді талдағанда да этнос ұғымына мән берілмегені жөн, —дейді саясаттанушы.

«Этнос» немесе «ұлт» түсініктерінен бас тарту өте қауіпті

Саясаттанушы Замир Каражанов «этнос» немесе «ұлт» түсініктерінен бас тарту өте қауіпті дейді.

«Этнос» немесе «ұлт» ұғымдары азамат ұғымымен бірдей емес. Егер «этнос» ұғымын алып тастайтын болсақ, ассимиляциялады деп кінәлайтындар пайда болады. Ұлт туралы айтқанда, біз:

мемлекетімізде өзінің мәдениеті, тілі бар түрлі ұлт өкілдері тұрып жатқанын мойындаймыз»

Сарапшы бұл ұлтаралық қақтығыстар проблемесын шешпейді деген сенім білдіреді.

«Ұлтаралық қақтығыстарды мүлдем басқа жолмен шешуге болады. Көп ұлтты қоғамда түрлі ұлт өкілдеріне деген құрмет болуы керек. Ұлтаралық саладағы проблема араздықты өршіту, тұрмыстық ұлтшылдықтан басталады».

Мемлекеттік тілді құрметтеу — бұл қалыпты талап, дейді Қаражанов.

«Бірақ бұл проблеманы шенеуніктерге бағыттау керек. Себебі қазақ тілін оқытуға өте көп қаражат бөлінеді, бірақ ешқандай нәтиже жоқ. Ол тек ішкі миграцияның көмегімен жүзеге асып жатыр. Қазақ тілділер ауылдардан қалаға көшіп келіп, тұрғындар оларға қарай бейімделуде.

Сондай-ақ оңтүстік аймақтарда бір ұлтты ауылдар көп. Қала тұрғындары көп ұлтты қоғамдағы өмірге бейімделіп кетсе, ауылдарда бір этностың өкілдерімен бейбіт өмір сүруде. Бұл фактор бір кездерде үлкен этносаралық қақтығыстарға әкелуі мүмкін.

Мемлекеттің жұмыс істеу тәсілін ауыстыру керек», — дейді саясаттанушы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз