Қалыңдықты алып қашу – бұрынғы заманнан бері келе жатқан дәстүр. Қазақстан қоғамының негізгі бөлігі қалыңдық ұрлауды жабайылық санағанымен, оңтүстік өңірде бұл салт қазір де кездесуде. Бүгінгі күнге дейін жастар арасында қыз алып қашу, яғни үйлену мақсатында адам ұрлау тоқтамай отыр, – деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі
адамды ұрлаудың 210 фактісі тіркелген, оның ішінде негізгі 102 дерек Түркістан облысында орын алды.
Бұл мәліметті облыс бойынша таратып көрсететін болсақ, Түркістан қаласында – 29, Сайрам ауданы мен Кентау қаласында – 19, Жетісай – 11, Мақтаарал, Келес және Төлеби аудандарында – 6 осындай жағдай тіркелген.
Бұл қылмысты жасаудың басты себебі – адамды ұрлау қылмыс болып табылатынын жастардың әлі де білмеуі.
Қазақстанда қалыңдықты ұрлаған және оған қатысқан тұлғалар Қылмыстық кодекстің «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Егер қалыңдық некелесуге өз келісімін бермеген болса, оны алып қашу қылмыс болып саналады.
Бұл қылмысты жасағаны үшін
Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге ал, адамдар тобымен жасалған болса, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
«Неке және отбасы туралы» заңға сәйкес неке – ерікті одақ. Егер бір жақ келісім бермесе, неке заңсыз деп саналады.
Осыны ескере отырып, Түркістан облысының прокуратурасы жастарды заңды мүлтіксіз сақтауға шақырады, себебі ойланбай жасаған әрекет үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.