Жанжал тұрмыстық мәселелердің себебінен болды
«Жарты ғасырдан бұрын Қытайда Цинь империясы билігіне қарсы көтеріліс өтті. Бұл көтеріліс қатал түрде басылып-жаншылды. Оған қатысушылар Исламды ұстанғаны үшін қуғынға ұшыраға дүнгендер еді. Кейіннен қазақ жеріне келіп паналады, жергілікті тұрғындар оларды жақсы қарсы алды. Сол уақыттан бастап біз бірге тұрамыз, бәріміздің тағдырымыз бір.
Өткен жылы Қазақстан халықтары Ассамлеясының атынан мәжіліс депутаттарының тобы Жамбыл облысындағы Қордай айданында болып, дүнгендердің қазақ жеріне қоныс аударып келуіне 140 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты. Сол шарада қазақ жеріндегі түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір үріп жатқанына куә болып қайтқанбыз, — деп атап өтті Сауытбек Абдрахманов.
Бұған дейін ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданында болған топтасқан төбелес нәтижесінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтқан еді.