Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-17
USD
524
0.00
EUR
545
0.00
RUB
5.11
0.00

Көпбалалы және аз қамтылған отбасы өкілдерімен кездесу өтті

189

Алматы қаласының әкімінің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, С.Тұяқбаев ағымдағы жылдың 5 ақпанында «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтарда көпбалалы және аз қамтылған отбасылар өкілдерімен кездесу өткізді, – деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз орталығы.

Кездесуге көпбалалы аналар, сонымен қатар аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқармалар басшылары қатысты. Талқылау барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету, оның ішінде еңбекпен қамту, жеке кәсіпкерлік және материалдық базаны кеңейту, тұрмыс жағдайын жақсарту, басқа да мәселелер бойынша оқуларды жүргізу мәселелері қаралды.

Бүгінгі күні «Бақытты отбасы» орталықтары кәсіби бағытта жұмыс жасап, әлеуметтік және қаржылық-мотивациялық қолдау көрсетуде.  Қажетті мамандықтар мен кәсіпке үйрету бойынша

Іскер ана бағдарламасы жүзеге асуда, бизнес негіздерін үйрету бойынша көмек көрсетілуде.

Әкімнің орынбасары Е.Бабақұмаров көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шараларының әлеуметтік маңыздылығын атап өтті. 2019 жылдың тамызынан бастап, аудандық «Бақытты отбасы» орталықтарында 10 мыңға жуық алматылық отбасылар ақпараттық-кеңестік және ресурстық, әдістемелік және заңнамалық көмектер алды, сонымен қатар ана мен баланың салауатты өмірі кабинеттерінде болды.

2800-ден астан адам грант бөлініп, көп балалы аналар өздерінің жеке бизнестерін ашты

«Біздің қаламыздағы ең белсенді жандар – әйелдер. Сондықтан, диалогтық алаң құру қажет, оның арқасында орталықтардың жұмыстары жүйелендіріледі, ең бастысы өзекті проблемалар шешімін табатын болады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Бабақұмаров.

Қала әкімінің орынбасары С.Тұяқбаев Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша қалада тағы да қосымша екі «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтарын ашудың жоспарланғанын, гранттар санының артатынын хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша, әлеуметтік орталықтардың жұмыстарының сапасын одан әрі жақсарту мақсатында, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар мен бірігіп, жұмыс істеу үшін жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Көтерілген барлық мәселелер мен айтылған ұсыныстарды нақтылы шешім қабылдау үшін жұмыс тобы жете зерттейтін болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз