Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Нұр-Сұлтанда «Медициналық пойыздар» жобасының үздік дәрігерлерін марапаттады

122

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен «Самұрық-Қазына» Қорымен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты еліміздің әрбір облысының шалғай аудандарының тұрғындарын тегін алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамтамасыз ету болып табылады.

Биылғы жылы Қазақстанның шалғай бекеттерінде заманауи диагностикалық жабдықтармен жарақталған «Денсаулық» және «Жәрдем» медициналық пойыздары дәрігерлік көмек көрсетті. Жұмыс барысында барлығы 238 жоғары білікті дәрігер Қазақстанның шалғай өңірлерінің 67 000-нан астам тұрғындарына емдеу-консультациялық қызмет көрсетті, оның ішінде 11 000-нан астамы балалар. 273 елді мекенді аралаған медициналық пойыздарда 209 249 дәрігерлік қабылдау болды. Жолдың жалпы ұзындығы – 29 203 километрді құрады.

2018 жылы жоба 124 бекетті қамтыды, 42 306 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді, дәрігерлік қаралудың жалпы саны 192 000 құрады.

Дәрігерлердің айтуынша, медициналық пойыздардың ел аумағы бойынша қатынауы кезінде онкологиялық аурулар, пневмония, несеп-тас және өт тас аурулары, жүрек-қантамыр жүйесі аурулары кеңінен таралған. Көру қабілеті бұзылған, сондай-ақ қант диабеті, бронх демікпесі және асқазан жарасы бар емделушілердің жоғары пайызы байқалды.

«Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов дәрігерлерді жоба маусымының аяқталуымен құттықтап, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету Қор үшін маңызды мәселе болып қала беретінін атап өтті.

«Самұрық-Қазына» Қорының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов дәрігерлерді жоба маусымының аяқталуымен құттықтап, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету Қазақстандағы қайырымдылық бағдарламаларының ең ірі доноры ретінде Қор үшін маңызды мәселе болып қалатынын атап өтті.

«Соңғы 5 жылда әлеуметтік маңызды жобаларға Қор 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлді, 1 миллионнан астам адам қамтылды. Осы жобаларды іске асыра отырып, біз азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, адамдардың медицина мен білімге қол жеткізуі үшін ұмтыламыз. «Медициналық пойыздар» жобасы еліміздің шалғай өңірлерінің тұрғындарына сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді», – деді Ахметжан Есімов.

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамотасымен «Медициналық пойыз» жобасының дамуына қосқан үлесі үшін 15 үздік маман марапатталды. Сонымен қатар, оларға 200 мың теңгеден ақшалай сертификаттар табысталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз