Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-5
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

Халықтың басым бөлігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенеді — сауалнама нәтижесі

290

Сауалнама 14 облыс орталығында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және ауылдарда жүргізілді.

Сарапшылардың мәлімдеуінше, сауалнамаға 18 жастан асқан, ел тұрғындарының орташа әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштеріне ие азаматтар қатысқан.

Сауалнама қорытындысы бойынша, Президентті ел тұрғындары тікелей қолдап отырғаны айқын аңғарылады. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тұрғындардың 70,3%-ы қолдайды. Қоғамда ҚР Президентіне сену деңгейі де жоғары – 74,9%. Респонденттердің 70%-дан астамы Президенттің бастамалары халықтың әл-ауқатын жақсартуға, елді дамытуға қауқарлы деп санайды.

Олардың пікірінше, ҚР Президентінің «Жердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы мәлімдемесі», «Адамдарға, әсіресе балаларға қарсы ауыр қылмыстарға берілетін жазаны күшейту», «Көп балалы және табысы аз отбасыларға жалдамалы баспана беру», «Несие рақымшылығы», «Қазақстанның стратегиялық әріптестермен және халықаралық ұйымдармен белсене ынтымақтастық етуі» секілді шаралары маңызды.

Сауалнамаға қатысушылар Президент пен Үкіметтің жалақы, зейнетақы мөлшерін, жалпы елдің әл-ауқатын көтеретініне, баспананы қолжетімді ететініне, сыбайлас жемқорлықты жойып, медициналық қызмет пен білім беру сапасын арттыратынына үміт білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз