Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Алматыда тұрғындардың денсаулығын тексеретін медициналық мобильді топ жұмысын бастады

133

Медицина мамандары бір ай бойы тұрғындардың денсаулығын тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық айлығына басқарманың Алматы қаласындағы ведомстволық бағынышты медициналық ұйымдары қатысады. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.

Басты міндет – бірінші кезекте балалардың, азаматтардың денсаулығын сақтау мен нығайту және профилактика. Тұрғындарды жан-жақты тексеру үшін жылжымалы кешендер қажетті қондырғылармен толық жабдықталған.

Терапевтер, педиаторлар, кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Денсаулық айлығы барысында қалалықтар ағзадағы холестерин, қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері ауруларына қатысты экспресс-тестілеуден өтеді, дене салмағы бойынша антропометриялық қорытынды алады, көз қысымын өлшетіп, ФГ арқылы тексеріледі және фтизиатордың қабылдауында болады.

Бұлардан өзге, медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойынша толық мағлұмат береді, мобильді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығын түсіндіреді. Қалалықтарға скринг және міндетті медициналық сақтандыру бойынша толық ақпарат ұсынылады.

Денсаулық айлығы кезінде: Флюорография, рентген аппараттарымен жабдықталған бес машина; КамА базасы негізінде екі жылжымалы медициналық кешен (ЖМК); ПАЗ базасы негізінде бір ЖМК; Диагностикалық қондырғы (ЭКГ, Рентген- зерттеу, ФГДС) қызмет көрсететін болады. Тұрғындарға кардиолог, пульмонолог, терапевт, стоматолог, акушер-гинеколог кеңес береді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз