Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон кезекті рет елдің кредиттік ұйымдары қызметкерлерінің арасында әйелдер санын арттыру қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, олар сыбайлас жемқорлыққа аз шалдығады.
Мемлекет басшысы банктердің өңірлік филиалдарында “семіз жас ер адамдар” кассир қызметін атқаратындар жиі кездесетінін атап өтті.
“Салмағы 100-150 кг болатын жігіттер айына 700-800 сомонидің еңбекақысына риза бола ма? Бұл ақша жергілікті асханада бір апталық түскі асқа ғана жетеді. Оның үстіне, олар онда емес, мейрамханада тамақтанады”, – деді ол.
Президенттің айтуынша, жеткілікті қаражатқа ие болу үшін мұндай банк қызметкерлері қаражат ұрлауға және басқа да заңсыз әрекеттерге барады.
Мемлекет басшысы
дені сау, етті жігіттер банкте емес, Рогун құрылыс алаңында жұмыс істеулері керек
Эмомали Рахмонның пікірінше, өңірлерде банк қаражатын ұрлау филиалдар басшыларының есепшілермен және кассирлермен келіссөздер жүргізу нәтижесінде орын алатынын және бұл қызметтерді негізінен ер адамдар атқаратынын айтқан.
Президент кассир мен банктердегі есепшілердің функцияларын әйелдер атқаруы тиіс екеніне сенімді
Тәжікстан Ұлттық Банкінің басшысы Джамшед Нұрмахмадзода президентке қазіргі уақытта реттеуші қызметкерлерінің 31%-ын әйелдер құрайтынын хабарлады. “Амонатбанк” ГСБ төрағасы Сироджиддин Икромидің айтуынша, оларда әйелдердің банктегі үлесі 45%.
Президент бұл аз деп санайды. Банк құрылымындағы арулардың санын арттыру керек.