Алматы облысында Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тергеу басталды.
Әлеуметтік желі қолданушылары полицей тоқтатқан көліктің жүксалғышынан табылған 007 TTD 02 және 055 TTD 05 нөміріне назар аударды. Олар алматылық полицейлер ұстаған ер адамның Талдықорған әкімінің туыстарымен байланысы бар-жоғын анықтағысы келді.
Қару-жарақ, бума-бума доллар мен стробоскоптар: Алматыда күмәнді жүргізуші тоқтатылды
Осыған байланысты Алматы облысы әкімдігінің өкілдері пікір білдірді.
“Талдықорған әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Қазіргі уақытта ол мәліметті жоққа шығарып немесе растай алмаймыз. Тексеріс қорытындысы бойынша бөлек мәлімдеме жасаймыз”, – деді әкімдіктегілер.