Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

Назарбаев Орталық Азияның басқа көшбасшыларынан әрдайым ерекшеленетін — Bloomberg

438
Фото: Давид Акопян

“Путин — Назарбаевтың ынталы оқушысы”, — дейді Bloomberg шолушысы және Slon.ru порталының негізін қалаушы Леонид Бершицкий.

Басқалар сияқты емес

Посткеңестік елдердің билеушілері әдетте өздері кетпейді…

Алайда, Назарбаев Орталық Азия республикаларының басқа көшбасшылары арасында әрдайым ерекше көзге түсетін

Қазақстан — аймақтың ең ірі және ресурстарға бай елі, және ондағы саяси режим көршілеріне қарағанда әлдеқайда жұмсақ – кедей және бақытсыз Қырғызстанды санамағанда. Өз елінің мұнай байлығын пайдалана отырып, Назарбаев көрші республикалардың түсіне кірмеген халықаралық мойындаулар мен легитимділікке ие болды.

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақ — Назарбаевтың бұрынғы істерінен шабыт алған Путиннің жобасы

Осы құрылымның көмегімен қазақстандық көшбасшы Ресеймен достық қарым-қатынас жасай алды

Осының арқасында Ресей мен Қытай өте маңызды, бірақ мәртебесі жағынан тең сауда серіктестері ретінде белгіленеді.

Ұқсастықтар мен айырмашылықтар

Бұл ретте Назарбаев Украинаға қарсы агрессия сияқты көптеген қателіктерден айналып өтті.

Қазақстан Президентінің шет мемлекеттер арасында жаулары жоқ, бұл республиканың сыртқы саудасына өте маңызды

Осының арқасында Назарбаев ел ағасы және дана көшбасшы деген құрмет пен мәртебеге ие болды. Бұдан өзге, Freedom House америкалық ұйымы да Қазақстанды Ресейге қарағанда біршама еркін деп санайды.

Қауіпсіздік Кеңесі және “Нұр Отан”

Қазақстандық көшбасшы Путиннің ізашары Борис Ельцин тұсындағы саяси ұрпақ өкілі. Ол да денсаулығы мен мемлекеттік билікті арқанмен тартып алғысы келген олигархтардың ойыны сияқты проблемаларға байланысты өкілеттілік мерзімі аяқталғанға дейін отставкаға кеткен болатын.

Назарбаев халыққа осыған ұқсас эмоционалды мәтінмен сөз сөйледі, алайда оған қандай да бір іс-әрекеттері үшін кешірім сұрауға тура келмеді

Бұл ретте ол елді басқарудағы маңызды рөлді сақтауға кепілдік берді.

2010 жылы Конституцияға Елбасы ұлт көшбасшысының өмір бойғы мәртебесін, сот қудалауынан иммунитет және саяси шешімдер қабылдауда “бақылаушы” рөлін берген өзгерістер енгізілді. 2017 жылы тағы бір конституциялық реформа Президенттің өкілеттігін қысқартты және мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруды үйлестіруге жауап беретін Қауіпсіздік Кеңесінің мәртебесін көтерді.

2018 жылдың маусым айында Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы болды

Назарбаев таңдаған мұрагер Қасым-Жомарт Тоқаев — тәжірибелі және ықпалды дипломат, ағылшын және қытай тілдерінде еркін сөйлейді. Дегенмен, Назарбаевтың Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы және “Нұр Отан” партиясының көшбасшысы ретіндегі жағдайы Елбасының “жергілікті” ұсақ проблемаларға бас қатырмай-ақ, елдің басты қозғалыс желісін басқаруға мүмкіндік береді.

Басқаларға үлгі

Путиннің осындай сценариймен отставкаға кетуі Ресейде бұрыннан талқылануда. Оны жүзеге асыру үшін – Қауіпсіздік Кеңесінің маңыздылығын арттыру үшін Конституцияға кішігірім өзгерістер енгізу және Путиннің басшылық өкілеттігін өмір бойына бекіту қажет.

Алайда, Путин әрдайым басқа жолмен әрекет етуді жөн көрді. Ол өзі басқарған жылдары Ресей Конституциясын тек бір рет ғана өзгертті – оған төрт жылдық үзілістен кейін үшінші рет дауысқа түсуге мүмкіндік берген кезде және президенттік өкілеттік мерзімін төрт жылдан алты жылға дейін ұзартқан кезде.

Бірақ Путин 66 жаста және оның жасармайтыны анық. Сонымен қатар, 2024 жылы бесінші мерзімге өту үшін Владимир Владимирович тағы алты жылдық үзіліс алуына тура келеді. Президент өкілеттігінің аяқталу уақыты алыс емес, алайда Путин басқару тетігін беруге дайын емес сыңайлы.

Беларусьтің Ресейге қосылса Путиннің басшылығын ұзартуға мүмкіндік берер еді, алайда қазір мұның орын алуы екіталай

Сондықтан, Назарбаевтың таңдаған жолы Путин үшін бір мүмкіндік болып отыр. Егер Қазақстанда транзит сәтті өтсе, Кремль осы жолдың ресейлік нұсқасын әзірлей бастайды деп күтуге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз