Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Конституциялық Кеңес Президент өтінішіне жауап берді

344
Хабар 24

Мемлекет басшысының өтінішінде сұрақ мынадай болатын:

«Конституцияның 42-бабының 3-тармағында белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздерінің тізбесі толық болып табылады ма?»

Конституциялық Кеңес аталған нормада Президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату негіздері толық емес деп түсіндірді.

«Кеңестің пікірінше, негізгі Заңнан Мемлекет басшысының отставкаға шығу құқығы туындайды. Аталған құқық президенттік басқару нысаны мен Республика Президентінің конституциялық мәртебесінің элементі болып табылады. Ол адам әрі Қазақстан азаматы ретінде Президентке тиесілі және әр тұлғаның конституциялық құқықтарын, соның ішінде еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығын бекітетін Конституцияның басқа да ережелерінен туындайды», – делінген Конституциялық Кеңес сайтында.

Конституциялық Кеңес Конституция 42-бабының 3-тармағындағы «сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған…жағдайда…» деген сөз тіркесі оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізі ретінде Мемлекет басшысының отставкаға шығуын да қамтиды деп есептейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз