Үш рет ажырасқан әнші Ақбота Керімбекова әдемі өмір үшін альфонс болуға дайын ер адамдар туралы жақсы біледі.
Ақбота Керімбекова мұндай жігіттерді сыйламайтынын және бұл олардың әлсіздігінің белгісі деп біледі.
«Шынайы болуға қорықпаймын» — Ақбота Керімбекова тұңғыш рет бояусыз түрін көрсетті
«Қазіргі жастар ұсақталып кетті. Көзқарастары. Бұның бәріне ғаламтор желісі кінәлі ме деп ойлаймын. Намыс жоғалып барады. Еркектеріміз қазір әлсіз. Дайын ақша, дайын дүниеге құмар жастарымыз бар. Алладан сабыр тілеймін. Не дегенмен, олар өзгеріп көте қоймайды ғой, өкінішке қарай», – деді ол «Ел аузында» бағдарламасында.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова үш ұл тәрбиелеп отыр. Әнші екі рет ресми ажырасқан. 2017 жылы ол қайтадан тұрмысқа шығып, отбасын құруға талпынған, алайда Рауан Дәулетовпен некесі бір жылға ғана созылған.
Барлық қиындықтарға қарамастан, әртіс шығармашылықпен айналысады, қайырымдылық акцияларға қатысады, әріптестеріне көмектеседі, анасына қамқорлық жасап, балаларын тәрбиелеумен айналысады. Мықты рухын есепке ала отырып, Ақботаны жұрт «белдемшедегі еркек» деп атайды.