Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Димаштың орындау ерекшелігін Еуропалық опера әншісі түсіндірді

544

Роликтің басында ол Димаштың шығармашылығымен таныс емес екенін, бірақ ол туралы тыңдармандарынан бірнеше рет естігенін айтып өтеді.

— Мен бұл әншіні танымаймын, сондықтан кешірім сұраймын. Оның таланттар шоуының біріне қатысқанын ғана білемін, – деді Орен Димаштың орындауындағы SOS әнін бастамай тұрып.

Жарты минут өтпей жатып вокал шебері әншінің дауысы таңдандыратынын мойындады.

— Фальцеттен ерлер диапазонына ауысу тәсілі, оның кеуде дауысы мен өте жұмсақ артқа шегіну. Оның бас немесе бас баритоны өте төмен және керемет тығыз тембрге бөленген.

Менің ойымша, ол әйел мен еркек дауыстарын бір мезетте ұқсата отырып, әсерлі дыбысқа қол жеткізуге тырысады.

Бұл өте керемет, — деді голландиялық.

Орен әйел дауысын Димаш дауыс желбезектері барынша қысылып, ауа өкпеде кідіріп тұрғанда алады деп түсіндірді.

— Мен мұндай тәсілді ешқашан естімедім. Ол не істеп жатқанын түсіну үшін әлі де дұрыстап қарауым керек. Таңқалдым… Төмен регистрді өте төмен дегеннен басқа ештеңе айта алмаймын, — деді әнші.

Линор Орен Димаштың дауысын басқара білу қабілетіне, сондай-ақ оның әртістік шеберлігіне тәнті болды.

— Ол бәрін жасай алады, өйткені оның дауыс желбезектері өте икемді: олар бұдан да қатты созылуы мүмкін. Мені тағы қатты таңқалдырғаны, денесінің жоғарғы бөлігі толықтай бос болуы.

Сырттан қарағанда ол еш қиналмай ән орындап жатқан сияқты. Бірақ бұл олай емес!

Ол жоғары ноталарды орындаған кезде басын артқа тастайды. Бұл дауысты дұрыс орынға қоюға көмектеседі, – деп түсіндірді Орен.

Оның пікірінше, Димаш күн сайын вокал сабақтарына көп уақыт жұмсайтын сияқты, бірақ көрермендерін «жай ғана қарапайым әншімін» деп ойлауға мәжбүрлейді, бірақ ол нормадан тыс әнші.

— Мен шынымен ләззат алдым. Қайта-қайта қарап, мұнда не болып жатқанын түсінгім келеді. Опералық тұрғыда бұл керемет. Мен бұл туралы көбірек білгім келді. Мен таң қалдым және орынаудан ләззат алдым, – деп түйіндеді Линор Орен.

Бұған дейін АҚШ-тық кәсіби вокалист Мэри Циммер Димаш Құдайбергеннің дауысының бірегей екенін айтып, оның еңбекқорлығы мен табандылығын атап өткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз