Актер Артур Төлеповтың тұңғышы дүниеге келді. Оқырмандарынан сүйінші сұраған актер қуанышты жаңалығымен бөлісіп қана қоймай, жеті айлық болып дүние есігін ашқан баласына дұға етуін сұрады.
“Сүйінші! Біз ата-ана атандық! Альхамдуллилах! Періштемізді көктемде күткенбіз негізі, бірақ “7 айымда да адам болам” дегені шығар, бүгін есік қағып келіп тұр. Негізі айтқым келмеген, әлі кішкентай ғой деп, бірақ көптің тілеуі көл болар дейді ғой, дұғада болыңыздар батырымызға” – деп жазды актер.
Сонымен қатар ұл балаға Абылайхан есімін бергенін жеткізді.