Бір белгілі оқу орнын үздік бітіріп жатқан студент қыздың әңгімесі екі күннен бері мазамды қашырды.
Біз онсыз да былғанған, жемқорлық жайлаған елде өмір сүріп отырмыз. Енді осы былғанышты жастарға жұқтырып жатырмыз. Олар да бұны қалыпты, тіпті қажет нәрсе деп қабылдай бастайды…
Өкінішті емес пе?
Өз басым атын атап тұрып жазайын десем, ана қызға зияным тие ме деп қорқып отырмын.
Ол қыз ақылсыз да емес. “Антиплагиатты әр университетке беріп қоймай, бүкіл республикалық ортақ бағдарламамен қараса ғой. Әйтпесе, қазір менің ізденіп жазған жұмысымды университет өз бағдарламасымен қарайды. Олар қолдан кедергі жасап өткізбей тастауы мүмкін” дейді… Диплом жетекшісі осылай қорқытып, бетін қайтарып тастаған ғой.
Өз қолын былғағысы келмей, шырылдап отырған студент қызды аяп кеттім.
Жемқорлықтан осындай жастарды құтқарып қалудың қандай жолы бар?
Әлде әрқайсымыз “өзіме зияны тиіп кетеді” деп, жемқор қоғамның ағысымен кете береміз бе?
Нәзира Байырбектің facebook парақшасынан