Тәжікстанда өз немересін тірідей көміп тастаған 58 жастағы кейуана тұтқындалды.
Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
Оқиға 12 қыркүйекте Навобод ауылында орын алған. Кейуана 3 жасар немересін жерге тірідей көміп тастаған. Бүлдіршіннің мүрдесі арада 6 күн өткен соң табылды.
Белгілі болғандай, ол мұндай әрекетке бір кездері келінімен арадағы араздық үшін барған. Осылайша, ол өшін туған немересінен алған.
Прокурор айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда судья Ашурованы 18 жылға қамау туралы үкім шығарды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өткізетін болады.