Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Суицид жасады делінген Сайрангүл Лайысқызының өліміне туыстары күйеуін кінәлап жатыр

578

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Сайрангүл Лайысқызының жүрегі тоқтады деген суық хабарды естіген оның туыстары түгел ауруханаға жетті. Олар әу баста келіншектің өмірімен қош айтысуға талпынғанына сенбеген еді. Марқұмның көзі көгеріп, денесіндегі зорлық-зомбылықтың белгілерін көргенде көңілдеріне күдік ұялаған.

“Жігіті жақсы болса, тәртібі жақсы болса мұндай болмайды ғой. Омырауда баласы бар. Кім өлгісі келеді”, деді С. Лайысқызының туысы.

Бұл жіп салмақ түскенде сырғып, иектің астында болуы керек. Мұнда жіптің ізі кеңірдек тұсында. Қалай сенесің енді.Шындықты айтсын. Қолымен істегенді мойнымен көтерсін. Ақ халаттылар 15 күн комада жатқан Сайрангүл аппараттың көмегімен тыныс алып, жаны қиналғанын айтады. Соңғы күндері миы да жұмыс істеуін тоқтатыпты.

“Бізге түскенде оң көзі және денесі көгергенін байқадық. Қатты соққы алған. Қылқыну белгілері бар. Қан-тамырлары қысылып, дене мүшесі сал болып қалды. Мұндай ауыртпалыққа ағзасы төтеп бере алмай, қайтыс болды”, деді   Алматы қалалық паллиативтік көмек орталығының бөлім меңгерушісі.

Ал күйеуінің айтынша, 14 қарашада Сайрангүл Лайысқызы дәл осы жалдамалы үйде өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ол ұйқысынан оянып, босағада асылып тұрған жұбайын көргенде бірден жедел-жәрдем шақыртыпты. Отасқандарына жеті жыл болған отбасы бұл пәтерде төрт айдан бері тұрып келеді. 28 жастағы Ерғали арамызда аракідік ұрыс-керіс болғанымен жұбайыма қол көтерген емеспін дейді. Жауабы қысқа болған Сайрангүлдің күйеуі көп жайтты ашып айтуға құлықсыз.

Қазір суицидке итермелеу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды.

“Сот алды тергеу жалғасу үстінде. Болған оқиағаға әкеп соқтырған факторлар және басқа да мән-жайлар анықталатын болады. Егер жаңа мән-жайлар анықталатын болса, қылмыстың басқа құрамы дәлелденсе қылмыстық істің бабы басқаша саралануы мүмкін”, деді Салтанат Әзірбек.

Айта кетейік, Сайрангүл Лайсқызының артында кәмелетке жасқа толмаған үш баласы қалды. Бүлдіршіндер қазір марқұмның ата-енесінің қарауында. Ал өлімнің нақты себебі сараптамадан кейін белгілі болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз