11-12 желтоқсанында Ақтау қаласында қазақ тілді БАҚ-ты ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу жобасы аясында «QdigitalInform» семинары өтеді.
Цифрлық әлемдегі соңғы жаңалықтар туралы сала қызметкерлері мен студенттерге «Ұлттық ақпараттық технологиялар» ақпараттық қоғамы Маңғыстау облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелер басқармасының бас маманы Гүлжанат Қайрадинова мен «Маңғыстау облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы Цифрландыру Департаментінің талдаушысы Еркін Ақмамбетов айтып береді.
Семинарды Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен ұйымдастырады.
Өтетін уақыты: 11-12 желтоқсан 2018 жыл, сағат 9:30-да.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 24 ы/а, 12