Динара Қырықбаеваның отбасында қуаныш.
Динара Қырықбаева 1 жасқа толған ұлына дүркіретіп той жасады
Бисұлтанның 1 жасқа толуына Қырықбаева қатты дайындалған. Әнші 2 жасар қызымен бірге бірдей көйлек тіктіріп, той қонақтарын дизайнерлік көйлегімен тәнті етті.
Динара Қырықбаева 1 жасқа толған ұлына дүркіретіп той жасады
Айта кетейік, көптен бері сахнадан көрінбей кеткен әншінің бір қыз, бір ұлы бар. Әншінің Айша есімді тұңғышы 2016 жылдың қаңтар айында дүниеге келген. Ал былтырғы жылдың желтоқсан айында Динара екінші мәрте ана атанған болатын.
Динара 2015 жылы Олжас есімді кәсіпкер жігітке тұрмысқа шыққан. Ол әнші Гүлнұр Оразымбетованың туысқаны көрінеді. Динара күйеуге тигелі сахнаны „қойған„. Қазір ол той ұйымдастыру бизнесімен айналысып жүрген көрінеді.