Астанадағы сауда үйлерінің бірінде тұрғындар адамның иммун тапшылығы вирусын анықтайтын тегін тест тапсырды.
Сәбит Әбдірайымов, Астана қ. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері:
– Статистикаға келер болсақ, 9 айдың көлемінде былтыр 170 жағдай анықталса, биыл 150-жағдай анықталып отыр. Осындай тестілеу арқылы, эспресс-тест дейміз, сол арқылы біз республика көлемінде ВОЗ рекомендациясы бойынша тұрғылықты халықты 10-11 пайыз анықтау керек болса, біз 28-30 пайызға дейін анықтаймыз.