Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Талғамы жоқ халықтың” арқасында ақындардың кеші өтеді

1069

Үйдегілер Қазақстан арнасы “Парасат майданы” атты бағдарламаны көріп отырған екен, мен де шай үстінде отыра қалып көрдім, бұл бағдарламаның атауы ұнады, бірақ түйін жоқ, әркімнің өз кайфы өзінде.

Сұқбат өрбітіп жатқан ақының бірі фб-да дос болған Бауыржан Қарағызұлы болатын, сөз соңында Бакең тым артық кеткен сияқты, “халықта талғам жоқ” деп айыптады.

Баке, халықта қандай талғам болсын, өздеріңде шынайы махаббат жоқ, өлеңдеріңізде талғамен талдау жоқ, қанша байқаймыз ақындар майданында ауызбіршілік жоқ, сөйте тұра халықты айыптауға қалай дәтіңіз барды?

«Фариза апам сондай ма еді?». Жаман сөз айту емес, басымнан өткені…

Халыққа не ұсынасыз, сонымен халық қоректенеді.

Өткенде жазушылар одағына барып кітәптарды қарап шықтым, оқуға ауыр, өлең ұйқасы жоқ, Әдебиет пе, мәдениет пе, классика ма, әлде басқа ма… Әйтеуір жазылған жанрлар оқуға тым ауыр. Кейінгі буынға қарапайым өлеңдер ұнайды, себебі олардың санасын күйдім, сүйдім, өлдім тірілдім мен жаулап алу оңай, сол жастардың миын улап отырған жеңілтек ақындар туралы пусть легенда молчит.

Айтпақшы “талғамы жоқ халықтың” арқасында ақындардың кеші өтеді, сөйтіп біреу көлік, біреу жүлде алып бай болуда.

Ақындардың бұл күнде беделінің жоқтығы көреалмаушылық, қолдау жоқ, бастары бір қазанға сыймайды іштерің жарылса да айтайын,

көріскенде күліп, кеткен соң жамандап, құдды наныңызды тартып алғандай мінез танытасыздар.

Осыдан кейін кандай шабыт болсын?

Бұл күнде ақындардың өлеңдерінің мағынасыздығы, біріншіден әлеуметтік жетіспеушілік деп білем, талғамға сай өлең шықпай іштей рухани езіліп, ізіндегі гу-гу әнгіме құлақ түртіп, араққа салыну да бар.

Мысалы, мен осы күнге дейін бір ақынға ғашық бола алмадым, себебі оны сүйетіндей өлең таба алмадым. Ақындарға бұл күнде креативті ой жетіспейді. Шығарған туындысын халыққа сіңдіре алмайды.

Классиктер деп жүрсем, түкке тұрғысыз біреулер екен…

Сондықтан әнгіме халықта емес. Ақындардың өздерінде халыққа деген ықылас жоқ.

Айтпағым, халықтың талғамын ояту өз қолдарыңызда, тек шығарған туындыңызды заманға сай нәрселермен жеткізе білу керек. Артық кетсем өкпелеміңіздер!

(Камиша Есмухамбеткызының Фейсбуктағы парақшасынан)

Оразалиннің руластары «жазушы» деген куәлік алып, Одаққа мүше боп кетті

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз