Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Шымкенттік ұстаздар жалған дипломмен жұмыс істеп келген

111

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

“Тексеру барысында студенттердің мүліктік құқықтарын бұзу, білім туралы заңнама, санитарлық нормалар және тағы басқа бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Одан бөлек, мұғалімдердің жалған дипломдармен жұмыс жасау фактілері анықталды”, деді Шымкент қалалық прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары.

Жалған дипломға қатысты 7 жайт тіркелген. Мәселен, индустриалдық-техникалық колледждің педагогы мемлекеттік Мұхтар Әуезов университетінің бітіргендігі жөнінде 5 жыл бұрын алған жалған дипломымен сабақ беріп келген. Ал, қалалық білім басқармасына қарасты №4 колледж, мемлекеттік сатып алу бойынша былыққа жол бергені үшін есепшісі жұмыстан қуылып, директоры 240 мың теңге айыппұл төлеумен құтылыпты.

Сондай-ақ, тексеру жасағандардың  мәліметінше «Мирас» және Саз колледжінің 586 студентіне жол ақысына деп төленуі тиіс қаржы, тек тексерістен соң ғана төленген. Бірақ, Саз колледжінің басшылары прокурорлардың ақпараты шындыққа жанаспайды деп отыр.

“Бізде жазғы – қысқы сессияның нәтижесі бойынша жол төлемақысы жылына 2 рет төленеді. Ол ақпан айында және қыркүйек айында беріледі. Бәрі алып жүрді. Прокурордың ақпаратты соңына дейін тексермей жаңсақ бергеніне ренжіп тұрмыз”, деді   Саз колледжі директорының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз