Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Үшінші рет ажырасқан Ақбота Керімбекова шынын айтты

483

Алайда биыл оның ажырасқаны туралы сөз шығып, артынша әншінің өзі растады. Шаңырағы үшінші рет шайқалған Ақбота бүгінде қиналып жүргенін жасырмайды.
Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Әрине жүрегің ауырады. Менің де бала-шағам бар, әке-шешім бар. Менің де туған-туысым бар. Менің де өзімнің ортам бар. Неге ауырмайды, ауырады», – дейді Ақбота.

Ажырасып кеткені туралы жасырмаған әнші өзінен 9 жас кіші күйеуімен не үшін қош айтысқандарын айтпады. Десе де ол өмірде болған жағдайдың бәріне түсіністік таныту керек дейді.

«Ешкім ажырасамын деп үйленбейді. Неше түрлі жағдай болады. Неше түрлі дүниелер болады. Әр нәрсені түсіністікпен қараған дұрыс. Ешкім ешкім үшін жауап бермейді. Әркім өзінің өмірін дұрыстау керек», – дейді әнші.

Үшінші рет ажырасқан әншіні бүгінде сынайтындар аз емес. Ал әншінің өзі мұндай жағдай орын алған кезде өзін сынайтыдарды түсінбейтінін айтып отыр.

«Оны көзбен көрмегеннен кейін, оны білмегеннен кейін, бірге тұрмағаннан кейін «анау бүйтіп кетіпті, сөйтіп кетіпті» деген ол артық сөз. Әркім санасына берсін», – дейді Ақбота Керімбекова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз