Демалыс күндері Қазақстанның көптеген аудандарында қар жауып, боран басталады.
Бүгін, 30 қараша, алты аймақта дауыл ескертуі жарияланды. Астанада түнде және таңертең көктайғақ, боран, тұман және солтүстік-батыстан күші секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады. Ақмола облысында тұман, көктайғақ және боран болады. Солтүстік-батыста желдің екпіні 25 метрге дейін жетеді.
Алматы облысында күндіз жауын-шашынды болады. Түнде кейбір жерлерде тұман түседі, күндіз көктайғақ және боран болады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 1 және 2 желтоқсанда түнде ауа температурасы 8-13, кей жерлерде 18-23 градусқа дейін төмендейді.
Жамбыл облысында жауын-шашын болады, түстен кейін кейбір жерлерде қатты жаңбыр жауады. Негізінен тұман, көктайғақ және боран болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа секундына 15-20 метр жылдамдықпен, секундына 30 метрге дейін жететн жел соғады. 1 желтоқсанда түнде ауа температурасы 10-15, кейбір жерлерде 18-23 градусқа дейін төмендейді.
Қостанай облысында кейбір жерлерде боран, тұман және солтүстік-батыс жел жылдамдығы секундына 15-20 метр жылдамдықта болады деп күтілуде.
Маңғыстау облысында желдің секундына 15-20 метрге дейін көтерілуі күтілуде. 30 қараша күндері Түркістан аймағында жауын-шашын болады деп күтілуде. Күннің екінші жартысында кейбір жерлерде тұман, көтайғақ және боран болады. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел 15-20 дейін, ал таңертеңгі күндері секундына 23-28 метрге дейін жетеді. 30 қараша күннің екінші жартысында ауа температурасының күрт төмендейді. Кей жерлерде 3 градус суық болады. 1 желтоқсанда түнде 8-13, кей жерлерде 16 градус аяз болады.