Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-5
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

2019 жылы көлік жүргізушілері техпаспортын жаңалауы тиіс

429

Бұл туралы Kolesa.kz басылымы жазды.

Аталған құжаттың электронды нұсқасы енгізілетінін шенділер, әу баста айтып жүрген, алайда оны жүзеге асыру мерзімі созылып кетті.

Ал енді, бұл шара расымен де, 2019 жылдың 1 шілдесінде басталады деген сыбыс бар.

Ақ жағалылар дәл осы күннен бастап елде көлік құралдарын тіркеу төлқұжаты (көлік құралдарының шассиінің төлқұжаты) және өздігімен жүретін көліктер мен техниканың өзге де түрлерінің куәліктерін рәсімдеу басталатынын айтты. Оны енгізу ережелері әзірше дайындық кезеңінде, дегенмен Kolesa.kz тілшісіне бұл жаңалық жайлы бірқатар деректер тапты.

Ең алдымен естеріңізге сала кетейік, көлік құралының төлқұжаты — техникалық төлқұжат емес. Қазіргі таңда ҚР ІІМ беретін техникалық құжат пен көлік құралын тіркеу туралы куәлік көліктердің жол қозғалысына қатысуына мүмкіндік беруге негіз болады. Заңға сәйкес, техникалық құжатыңыз болмаса, сіз көлікті өз аулаңызда сақтай аласыз, ал көлікті көшеге тізгіндеп шығу үшін аталған құжат міндетті түрде керек болады.

Көлік құралының төлқұжаты — бұл темір тұлпар жайлы барлық ақпарат (шығарылған не ЕЭО аумағына кіргізілген жылы, өлшемі, салмағы, қозғалтқыш көлемі және т.б.) жазылатын көліктің туу туралы куәлігі іспеттес құжат. Сонымен қатар, мынадай нәрсе бар:

көлік құралының иесі;
техникалық байқау;
шектеулер (мүліктің ауыртпалығы);
автокөлік қатысқан жол-көлік оқиғалары (болған күні, уақыты мен орны, келген зақымдардың сипаттамасы, одометрдің көрсеткіші);
жасалған жөндеу жұмыстары (қашан, қайда жасалғаны, жұмыстардың атауы мен түрі, одометр көрсеткіштері) жайлы қосымша мәліметтер де тіркеледі.

Жөндеу жұмыстарынан бөлек, басқа қосымша мәліметтердің барлығы міндетті түрде толтырылуы тиіс. Құжатта берілген ақпараттың шынайы болуы үшін деректер базаға уәкілетті органдардың (ҚР ІІМ, ҚР ИДМ-нің Көлік комитеті, ӘМ және т.б.) ақпараттық жүйелері арқылы енгізілетін болады. Жеке деректер тек көлік иесінің келісімімен енгізіледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің қызметкерлері айтқандай, көлік құралының электронды төлқұжаттары Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағында қолданылады екен. Ережелер жобасында электронды құжаттарды рәсімдеудің шекті бағасы 4 500 теңге (соманың төмендетілуі не АЕК негізінде бекітілуі мүмкін) шамасында бекіту жоспарлануда. Бұл ретте құжатқа енгізілген әр өзгеріс үшін 3 300 теңге (шамамен) төлеуіңізге тура келеді.

Жүйе енгізілгенге дейін қолданыста болған автокөліктерге электронды төлқұжат қайта рәсімдеу кезінде беріледі. Ақылы түрде, әрине. Көлік жайлы ақпараттың барлығы техникалық төлқұжаттардың ұлттық операторының базасында сақталады және темір тұлпардың иесіне арнайы бланкіге жазылған үзінді көшірме түрінде беріледі.

ҚР ИДМ қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі сәтте көлікке қатысты мәліметті үшінші тұлғаларға (мысалы,олар көліктің қашан елге кіргізілгенін, жол-көлік оқиғаларына қатысы барын анықтай алуы үшін) беру мүмкіндігі де қарастырылып жатқан көрінеді. Бұл ақпаратты электронды қолтаңба көмегімен сұраныс беру арқылы ақылы түрде ( құны әзірге белгісіз) алуға болады деп күтілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз