Астанада жоғалып кеткен 14 жастағы қыздың денесі кәріз құдығынан табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Марқұм туған-туысқандарымен кеше сағат 16:00-ден бері байланысқа шықпаған.
Еске сала кетсек, ақпан айында Көкшетауда екінші сынып оқушысы құдыққа құлап кеткен еді. Айғайлап көмек сұраған баланың даусын 12 жастағы оқушы естіген. Ол бірден құтқарушыларға хабар беріп, мектептегі адамдарды көмекке шақырған.