Parfumer02 атты жас рэпер – Айжан Байзақованың баласының әкесі болып шығуы мүмкін. Мұндай ойға желідегілер рэпер жариялаған суреттерден кейін келген
“Мүмкін, сен баланың әкесі шығарсың”, “Бұл сурет бекерден бекер қойылмаған ғой”, “Байзақова кімнен жүкті болғаны белгілі болды”, деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Айжан Байзақова қазірде жүктіліктің тоғызыншы айында. Блогер болашақ баласының әкесін жасырып, жеке өмірін көпшілікке жария етуден бастартуда. Сыбыстар бойынша, ол тұрмыс құрмаған.