Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-7
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Ауырып тұрса да…”. Димаштың әкесі Лондондағы жайсыз жайтты айтты (видео)

9259

Сондай-ақ ол концерт алдында Димаштың ауырып қалғанын айтты деп хабарлады Sputniknews.kz.

“ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Димаштың Лондондағы көптен күткен концерті де өз мәресіне жетті. Дайындық жұмыстары, көптеген қобалжулы сәт артта қалып, көңілдегі толқулар да басылды.

«Дауысы дірілдеп кетті…». Димаш Лондон сахнасында жылап қалды (видео)

Концерт алдында әр өңірдегі климаттың түрлілігіне байланысты Димаш біраз суықтап қалса да, сан алуан елден арнайы концертіне келген тыңдармандарының үмітін ақтап, көңілінен шығу үшін жан-тәнімен өнер көрсетті”,

— деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Қанат Айтбаев 45 елден келген Димаштың жанкүйерлерінің ыстық ықыласын, олардың Қазақстанға деген құрметін сезіну — үлкен қуаныш әрі зор мәртебе екенін айтып өтті. Концерттен түскен қаражатты Димаштың өзі қайырымды мақсатта жұмсауды жөн көрген екен.

“Бірлесе көтерген жүк жеңіл” демекші, концерттің жүзеге асуына атсалысқан барлық әріптеске шын көңілден алғыс айтамыз! Концерттен түскен қаражатты Димаш өз қалауымен жас таланттарды қолдау қорына аударғысы келетін ниетін білдірді.

Димаш Құдайбергеннің бейнебаяны ресейлік арнада көш бастады

Бұл жақсы бастаманы, игілікті істі біз де қуана құптадық. “Боламын деген баланың бетінен қақпа — белін бу” дейді халық даналығы”, — деді Қанат Айтбаев.

Ол өткен жылы Астананың төрінде өткен “Бастау” атты аса ауқымды концерт мен Лондондағы шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына зор алғысын білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, Димаш Құдайбергеннің “QD” атты алғашқы жеке ән кеші 20 қараша күні Лондонда өтті. Екі сағатқа ұласқан кеште әнші барлық әнді жанды дауыста орындады.

«Сары қыз…». Димаш туған қарындасын сахнаға алып шықты (фото, видео)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз