Алматы дүкендерінде патогенді микрофлорасы бар тауық аяқтары сатылған.
Өнім Жетісу ауданындағы екі дүкенде сатылған. Олар сатылымнан алынды.
“C1 тобындағы Salmonella tnteritidis, Salmonella патогенді микрофлоралары табылды. Тексеріс барысында аталған өнімдермен сәйкестікті растайтын құжаттар болмады. Дүкен басшылығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазіргі уақытта департамент өкілдері осы өнім жеткізушілерін іздеу бойынша шаралар жүргізіп жатыр”, – деп хабарлады ведомстводағылар.
Сондай-ақ, алты дүкенде санитарлық ереже бұзушылық анықталды. Мекеме басшылары айыппұл түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылып, кемшіліктерді жою туралы нұсқаулық алды. Алматыдағы үш дүкенде жарамдылық мерзімі өтіп кеткен тауарлар анықталды, олардың басшылығы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.