Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Ақтөбеде бір отбасы тергеушілердің кесірінен өз үйіне түнеуден қорқады

359

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Әйтешевтер отбасы өз үйлерінен өздері безіп жүр. Олар ұры-қарыдан емес, полиция қызметкерлерінен қорқады. Сөздерінше, тәртіп сақшылары мазаларын қашырған. Күн сайын келіп, бір тінтіп кетеді екен.

Тергеушілер өз ұлының өліміне әкесі Амангелді Әйтешевті кінәлап жүр. Анығырақ айтсақ,  ол тізгіндеген көлікті такси келіп соққан. Соның салдарынан екіге толмаған бөбегі шетінеп, үлкен ұлы мен келіншегі жарақат алған. Тәртіп сақшылары отағасын күдікті деп танып, істі сотқа жеткізгенімен, ол ақталады.

“Баламның өліміне мені кінәлі қылып жатыр. Бұл жерде мықты коррупция жүріп тұр. Өйткені ана қарсы бағыттағы жүргізушінің  балдызы сол жақта тергеуші болып істейді екен Қандыағашта”, деді Ақтөбе қаласының тұрғыны.

Онсыз да қара жамылған отбасының мазасын қашырған тергеушілердің ісін прокуратура тексеріп жатыр.

“Бұл азамат облыс прокуратурасына шағымданған болатын. Бүгінгі таңда ол шағым қаралуда. Қылмыстық іс тергелуде. Нәтижесі бойынша барлық уәждер тексерілетін болады”, деді Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі.

Жол апатына қатысты іс қайта қозғалған.  Арты шуға айналған соң оны  жергілікті  тәртіп сақшылары емес, ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қарап жатыр. Тексеруге Астанадағылардың араласқанына Әйтешовтер де қуанып отыр. Оқиғаның ақ-қарасын солар шешіп берер деген үмітте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз