Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Түркістан облысында бір күнде иіс тиген үш адам қайтыс болды

156

Облыстық газ таратушы мекемесінің хабарлауынша, 10 қараша күні таңғы сағат 10:40-та кезекші бөлімге жеке үйлердің бірінде екі адамның иістен уланып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына жеткен мекеме қызметкерлері пәтер жалдап тұратын 18 жастағы екі жігіттің қаза тапқанын анықтаған. Дәл осы күні Сайрам ауданындағы Қарасу ауылында да иістен улану жағдайы тіркелді.

62 жастағы азаматтың өлі денесі жеке үйлердің бірінен табылған. Мамандар баспанаға қолдан жасалған жылыту пеші орнатылғанын айтады. Газ тарату қызметінің өкілдері екі жағдайда да үй жылыту құрылғыларының талапқа сай орнатылмаулары адам өліміне себеп болуы мүмкін деп отыр.

Қазіргі таңда бірнеше сараптамалар тағайындалып, тексеру шаралары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз