“Цеснабанк” танымал кәсіпкер Лилия Рах пен оның отбасына тиесілі 4,75 миллиард теңге және тұрғын үй емес ғимараттары бар жер учаскелерін сот арқылы тартып алды деп хабарлайды NUR.KZ.
Алайда онда Есіл аудандық сотының шешімінде жіберілген қатені жөндеу керектігі айтылыпты.
Іс материалына сәйкес, 2012 жылы “Цеснабанк” Рахтың отабасына 2,3 миллиард теңге несиені 2019 жылға дейін береді. Одан ол тағы 800 миллион теңге мен 2,5 миллион еуроны 60 айға бөліп төлеуге алады. Кепілдеме ретінде Медеу, Алмалы және Бостандық аудандарындағы тұрғын үй емес ғимараттары бар жерлер қойылған.
Қарыз алушыларға несиені өтеу туралы талап пен ескертулер жіберілген. Алайда қаржыны ешкім банкке қайтармаған делінген іс материалында.