Еуропа елдері Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 100 жыл толуын жаппай тойлап жатыр. Осы айтулы датаға орай, кезінде қас жау болған қос мемлекет Германия мен Францияның көшбасшылары бір-бірімен төс қағысып, татуластықтарын көрсетті.
Ал ағылшындар Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын мыңдаған алау жағып атап өтіп жатыр. Әрі қаза тапқан жауынгерлерін қайғырып, еске алуда. Римдіктер болса, белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қойған. Осылайша, бір кездері өзара бақталас болған елдер бүгінгі достық пен татуластықтарын көрсетіп жатыр.