Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

“Фариза апам сондай ма еді?”. Жаман сөз айту емес, басымнан өткені…

12150

Ал осыдан талай алаш баласы таяқ жеді. Ләззат қарындасымыздың мына жазғанын оқи отырыңыз. Ойланыңыз, рушылдық, жершілдік қазаққа ешнәрсе бермейтінін безбендеңіз.

«Сіз қай елде тұрасыз?». Перуашев Божконы орнына қойды

Сонымен Ләззат Ахатова былай дейді:

«Біздің қазақты іштен ірітетін ең үлкен індет – ТРАЙБАЛИЗМ. Рушылдық, жершілдік. Шыққан тегін, руын әр адам білу керек. Бірақ ол бөліп-жаруға, қиянат жасауға, өшпенділікке әкеп соқса, ол – үлкен дерт. Қоғамдық дерт.

Өзім өмірімде екі рет рушылдықтың үлкен рөл ойнайтынын басымнан өткіздім. Қазақта өлгеннің артынан жаман сөз айтпайды дейді, бірақ мен жаман сөз айтайын деп отырған жоқпын, басымнан өткенді ғана баяндағым келеді.

Рушылдық деген індетпен небір мықты ақын-жазушылар мен ғылым, өнер саласындағы тариxта аты қалған танымал тұлғалардың да “ауырғанын” көргенде, естігенде басқамызға не әңгіме айтуға болады деп ойлайды екенсің.

Жасымнан Фариза Оңғарсынова апамыздың талантына табынып, жырын басыма жастанып оқитын оқырманының бірі едім. 1991 жылы Алматыда республикалық “Қазақ аруы” байқауы өтетін болып, біздің облыстан сол байқаудың финалына өттім. Тым жаспын, жасым 16-ға да толмаған. Рушылдық, жершілдік дегеннен ада, тап-таза, бала кезім ғой. Қазылар алқасының төрайымы Фариза апамыз екенін естіп, жүрегім жарыла қуандым! Өзім табынатын талантты тірідей көру деген ол кезде мен үшін үлкен бақыт еді!

Үш күн қатар өткен сайыста ең жоғары балл жинап, көрермендердің көпшілігінің дауысына ие болып, қазылар алқасы бас жүлдеге мені лайық деп тапқан кезде, апамыз ғана бет бақтырмай, көнбей отырып алыпты. Халықты түнгі 2-ге дейін ұстап отырды. Сондағы айтатыны –

“мен төрайыммын, бас жүлдені кіші жүздің қызы, менің жерлесім алу керек, бітті!”.

Оның айтқан қызын қазылар алқасының қалған мүшелері құптамайды (өйткені ол байқаудың бірінші күнінде-ақ оңбай сүрінген). Сонымен ақын апам ашуланып, жеңімпазды жариялаудан бас тартып, орнынан тұрып, кетіп қалады. Бас жүлде бәрібір маған бұйырды ғой, бірақ шындықты естігенде, бала жүрегім қатты сыздап, ауырғаны, үнсіз егіліп жылағаным есімде. Сондағы бар жазығым-кіші жүздің қызы болмағаным еді. Бала түсініктен арылып, есеюдің алғашқы баспалдағына да сол сәтте аяқ басқан шығармын, сірә…

Менің жүрегімде ауыр сыз қалды екен деп, қазақтың Фаризадай ақиық ақын қызы өз биігінен түспейді, әрине. Кім не десе де, Фариза Фариза боп тариxта қалады, қалды да. Таланттардың да періште емес, өзіміз секілді қателігі көп пенде екенін ұмытпайық, мойындайық.

Бір жаманы, біз біреуге табынсақ, ақиқатты мойындағымыз келмей, көзсіз табынып кететін “однолюб” xалықпыз ғой. Алайда, барлық нәрсеге обьективті баға берілуі тиіс.

«Болғызбайын деп тұр….». Мағауин қазақтың көзін ашатын шындықты айтты

2004 жыл. Ұстазым академик З.Қабдоловтың ұстазы ұлы Әуезовпен байланысы жайлы тың тақырыпта кандидаттық диссертациямды аяқтап, қорғауға шығайын деп жүрген кез. Бір мақаламды республикалық әдеби журналға шығару керек болып, мақалама түнімен тақырып таңдап, ақырында “Дара Дарын” деп қойып, “Жұлдыз” журналының редакциясына келдім.

Мақаламды шығартпақпын. Сол жерде жауапты қызметте істейтін жасы үлкен кісі сұрақтың астына алып, тергей бастады.

Руың кім, не елдің қызысың?

Ұлы жүздің қызымын, Дулаттың ішіндегі Жаныстан тараған Қапал руынанмын.

Онда неменеге кіші жүздің дилетанты туралы диссертация жазып жүрсің? Еще дара дарын деп оны. Өзіміздің қыз екенсің ғой, басқа тақырып табылмай қалғандай…

Әлгі кісі тоқтамай сөйлеп жатыр…

Мең-зең күйде редакциядан шықтым. Ешкім көрмейтін таса жерге отырып, ағыл-тегіл жылап алдым. Аяулы ұстазымызды, біз үшін Алатаудай биік Тұлғаны дилетант дегені жаныма қатты батты. Бұл жолы кімге өкпелейін? Өкпелеткен “өз ағам” болып тұр ғой…

Өксігімді басып, КазГУ-ге бір-ақ тарттым. Ағайды тауып алдым. Балалық-ай десеңізші, бас-аяғы жоқ, “сіз кіші жүз бе едіңіз, мен неге білмегем?”, деп төтесінен қойып қалғам ғой, жылап отырып.

“Айналайын-ау, білгенде қайтейін деп ең, сенің жұмысыңа менің руымның не қатысы бар, қарағым? Кім ренжітті сені?” – деп, Зейнолла ағай шыр-пыр болып жатыр. Айтып беріп едім, ауыр күрсінді. Үндемеді. Жүрегін ауыртып, бекер айттым ба деп, өкіндім.

P.S. Қазір де руға бөлінуді, жерге бөлінуді көрсем, Ұстазымның ауыр күрсінгені есіме түседі.

“Қайран қазағым-ай”, деген өкініш ішінде кеткен шығар…».

Классиктер деп жүрсем, түкке тұрғысыз біреулер екен…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз